«Бір мезетте бүкіл адам жоқ болып кетті»: Жахан Отарғалиев басынан өткен қиын кезеңді еске алды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
30.09.2024, 19:49
5424
«Бір мезетте бүкіл адам жоқ болып кетті»: Жахан Отарғалиев басынан өткен қиын кезеңді еске алды (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Бір жыл бұрын көп танысы одан теріс айналғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, отандық әзілкеш Жахан Отарғалиев басынан өткен қиын кезеңдерді еске алды. Ол Instagram желісіндегі парақшасында жақында жарыққа шығатын сұқбаттың үзіндісін жариялады. Жахан Отарғалиевтің айтуынша, бір жыл бұрын көп танысы одан теріс айналған. Ал бұл актердің өз-өзіне деген сенімділігін жоғалтуға себеп болған.

"Менің айналамда бір мезетте бүкіл адам жоқ болып кетті. Бірінші кином шыққан соң фильм тұсаукесерлеріне, түрлі жиындарға көп шақыратын. Тура бір жыл бұрын араласып жүрген адамдар бұрылып-бұрылып кетіп қалды. Ол солай болуы керек болды. Менің ең үлкен қателігім, өз-өзіме деген сенімділігімді түсіріп жібердім", - деді ол. 

Осы кезеңде әзілкеш рухани әлсірегенін түсінген. 

"Уақыт өткен соң денсаулығым реттеле бастады. Сол кезде жан-жағыма қарадым да, рухани әлсіреп кетіппін деген шешімге келдім. Себебі адам Алладан алыстаған сайын адамдар одан алыстап кетеді екен. Ал сен Аллаға жақындаған сайын адамдар саған келеді. Алла керек адамдарды жақындатып, керек адамдарды алдыңан шығарып қояды. Осы жерден менің түйгенім, біз ең бірінші Алламен қарым-қатынасымызды түзеуіміз керек. Рухани реттелгенде жаным рахаттана бастады", - деді Жахан Отарғалиев.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды