Үлкен ауылында АЭС құрылысы басталды ма? Әкімдік жауап берді

01.10.2024, 10:09
943
Үлкен ауылында АЭС құрылысы басталды ма? Әкімдік жауап берді әлеуметтік желіден

АЭС-тің құрылысы баяғыда басталып кеткен деген сыбыс пайда болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде Алматы облысының Үлкен ауылында атом электр станциясының құрылысы басталды деген ақпарат тарады. Жамбыл ауданының әкімдігі аталған ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі жалған ақпараттың таралуына не себеп болғанын да түсіндіріп берді.

Бейнероликте, болжам бойынша, “Google Maps” онлайн сервисы арқылы құрылыс объектілері көрсетіледі. Ондағы нысандардың атом электр стансасы екені шындыққа жанаспайды. Бейнежазбадағы нысан – 2011 жылы Балқаш жылу электр орталығы құрылысы жобасын жүзеге асыру кезінде салынған инфрақұрылым. Жобада көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясын салу көзделген. Жоба аясында тиісті инфрақұрылымның, соның ішінде жұмысшыларға арналған тұрғын кенттің құрылысы басталды, - делінген ресми хабарламада.

«Балқаш жылу электр орталығы» жобасы 2014 жылы тоқтатылған. Аудан әкімдігі онлайн-сервистің картографиялық деректеріне түзету енгізу және жалған ақпараттың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өтінім жіберген.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Google Картадағы локация бейнесі жарияланған болатын. Жексен Абдрахманов есімді желі қолданушысы Үлкен ауылында АЭС құрылысы әлдеқашан басталып кеткенін жазған.

Гугл картаны ашып көріңіздер. АЭС салына бастағанына біраз болыпты ғой. Картаға да енгізіп қойыпты ғой, - деп жазған еді ол.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады