Өгей қызын зорлаған түркиялық азамат қолға түсті: Қазақстанда шетелде іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Аиса Махамбет Редактор
01.10.2024, 17:16
659
Өгей қызын зорлаған түркиялық азамат қолға түсті: Қазақстанда шетелде іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды бейнежазбадан алынған кадр

Қазақстанда көршілес мемлекеттерде іздеуде жүрген шетелдік қылмыскерлер ұсталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер министрлігі Түркістан облысында Ресейдің Самара қаласында 2023 жылдың сәуір айында өзінің танысын өлтіріп, іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталғанын мәлімдеді. Күдікті 2023 жылдың қазан айынан бері іздеуде болған.

Алматы облысы Қаскелен қаласында 2021-2023 жылдар аралығында Ташкент облысында жалған құжаттарды ұсынып, алаяқтық жолмен 180 млн 476 мың сом ақшаны иемденген Өзбекстан Республикасының азаматы қолға түсті. Қылмыскерге 2023 жылдың қараша айынан бері іздеу жарияланған.

Алматы қаласында Бішкекте өзінің өгей қызын зорлаған 47 жастағы Түркия Республикасының азаматы ұсталды. Күдіктіге Қырғыз Республикасының құқық қорғау органдары іздеу салған.

Сондай-ақ 2022 жылы Сочи қаласының тұрғынынан алдап, 1 млн рублін ұрлап кеткен 30 жастағы ресейлік азамат Алматы қаласында ұсталды. Күдікті осы жылдың сәуір айынан бастап іздеуде болған.

“Қабылданған шаралар нәтижесінде ІІМ қызметкерлері іздеуде жүрген 1495 қылмыскерді ұстап, 1000-нан астам хабар ошарсыз кеткен азаматтың жүрген жерлерін анықтады. Еліміздің аумағында шет елдерде іздеуде жүрген 642 қылмыскер ұсталды”, – делінген хабарламада.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды