«Айыппұлы – 3,5 миллион теңге»: Ақтөбеде жүргізуші 119 рет жол ережесін бұзған

Аиса Махамбет Редактор
01.10.2024, 18:33
3467
«Айыппұлы – 3,5 миллион теңге»: Ақтөбеде жүргізуші 119 рет жол ережесін бұзған polisia.kz

Ақтөбелік полицейлер бір айда 119 рет жол ережесін бұзған 35 жастағы әйелді ұстады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шетелдік нөмірлі Lexus көлігін тізгіндеген 35 жастағы тұрғын облыс орталығының көшелерінде жылдамдықты бірнеше рет асырған.

 "Қорғаудың" көмегімен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері оны ұстап, тамыздың ортасынан бері оның 119 заңбұзушылыққа жол бергенін анықтады. Жүргізушінің айыппұлының жалпы сомасы – 3 миллион 378 мың теңге. Қазіргі уақытта көлік арнайы тұраққа қойылды.

“Жолдардағы жауапсыз әрекет қайғылы салдарға, соның ішінде өлімге әкелуі мүмкін. Жүргізушілер өздерінің және басқалардың қауіпсіздігіне мұқият қарауы керек. Шетелдік нөмірлері бар кейбір жүргізушілер жазадан құтылып кетеміз деп ойлайды, бірақ олай емес. Біз мұндай заңбұзушыларды анықтап, жауапкершілікке тартамыз", – деп атап өтті Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе көшелерінде жол ережесін бұзу фактілерін тіркейтін бейнебақылау камералары орнатылған. Оның көмегімен жыл басынан бері жылдамдықты асырып айдаған  77 мыңнан астам жағдай тіркелді.

Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды Назарбаев Университетінің студенті жатақхана бөлмесінде өлі күйінде табылды: Министр пікір білдірді Comic Con Astana 2025 Tekken 8 бойынша халықаралық турнир өтетін алаңға айналады Макрон Израильді Иранға шабуылдамауға шақырды Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс прокуратураға жіберілді «32 мың теңге шамасында»: Еңбек министрі өзінің зейнетақысын қанша көлемде болатынын айтты Хаменеи: АҚШ соғысқа араласса, өзі таяқ жейді Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы қамауға алынды «Бұл – қылмыс»: Иран зымыранмен Израильдегі аурухананы атқылады Бүгін өңірлерде аптап ыстық болады «Әділетті қоғам құруға тың серпін»: Қызылордада «Заң және Тәртіп» форумы өтті