Желіде Түркістан облысының бас имамы қол астындағылардан ақша жинайды деген ақпарат тарады

Аиса Махамбет Редактор
01.10.2024, 19:16
930
Желіде Түркістан облысының бас имамы қол астындағылардан ақша жинайды деген ақпарат тарады әлеуметтік желіден

Түркістан облысы бас имамының басы дауға қалды. Желіде бас имам аудан мен қала мешіттерінің имамдарынан мәжбүрлі түрде қыруар қаражат жинады деген ақпарат тарады. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде Түркістанға бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының келуіне орай, бас имам барлық мешіттегі дін өкілдерінен ақша жинайды деп жазылған.

Сондай-ақ оның шотына түскен қаражаттардың түбіртегі де желіде жарияланған. Қыруар ақша бас мүфтидің Түркістанда 2 күндік тамағы мен жатын орнына жұмсалады делінген.

Алайда Ержан Төлепов бұл мәліметті жалған деп отыр. Айтуынша, имамдар ақылы газет-журналдардың ақшасын Төлеповке жіберген.

“Бұл ақпаратты жоққа шығарамыз және оның шындыққа жанаспайтынын мәлімдейміз. Имамдар тиімді бағамен мешіт арқылы газет-журналға жазылады. Кейбір дін қызметкерлері білместікпен газет-журнал ақшасын маған аударған екен. Болған жағдайға байланысты арнайы жиналыс өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргіздім. Автордың шектен шыққан ісін өзінің ары мен ұятына қалдырамыз”, – деп мәлімдеді Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды