Елорданың ең үздік жас физигі анықталды

01.10.2024, 19:22
929
Елорданың ең үздік жас физигі анықталды KNPP.KZ

Бас жеңімпаз ғылыми тағылымдамадан өтуге жолдама алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 қазан күні Spectrum халықаралық мектебінде «АТОМ ДАНЫШПАНЫ» зияткерлік ойынының қорытындысы бойынша елорданың үздік жас физигі анықталды.

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС жоғары сынып оқушыларының арасында ғылымның қызықты және болашағы зор саласы: ядролық физика және атом энергетикасы туралы хабардар ету, сондай-ақ ғылым мен білім, техника мен заманауи технологияға деген қызығушылықты арттыру мақсатында көпшілікке жақсы таныс «XXI ғасыр көшбасшысы» телешоуының форматы бойынша «Атом данышпаны» іс-шарасы ұйымдастырылды. Осы бағытта елорданың ең зерделі алты оқушысы өз білімдерін сарапқа салды.

Сурет: KNPP.KZ

«АТОМ ДАНЫШПАНЫ» интеллектуалды ойынының сәтті өткеніне қуаныштымыз.  Қатысушылардың дайындық деңгейі таң қалдырады. Бұл жастар арасында атом энергетикасына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын аңғартса керек, бұл саланың болашағы сенімді қолда екеніне көз жеткіздік», - деді өз сөзінде қазылар алқасының мүшесі, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин. 

Сурет: smartnews.kz

ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Ғұмар Серғазиннің айтуынша, мұндай іс-шаралар жас өскелең ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, осы саланың  дамуына зор септігін тигізеді. Сондықтан, бұл интеллектуалды ойынды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз.  

«АТОМ ДАНЫШПАНЫ» ойынына қатысу мен үшін үлкен тәжірибе болды. Мен бүгінде ядролық энергия тек радиацияға ғана емес, еліміздің жалпы болашақ дамуына да тікелей қатысы бар екеніне көз жеткіздім. Бұл мені осы саланы тереңірек зерттеуге шабыттандырды», - деп ойынға қатысушылардың бірі Жанель Науфилова өз әсерімен бөлісті.

Сурет: KNPP.KZ

Шара соңында қатысушылар ойын серіктесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бағалы сыйлықтарымен марапатталып, бас жеңімпаз «Ядролық физика институты» РМК Астана филиалында ғылыми тағылымдамадан өтуге жолдама алды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады