«Ештеңеге қарамастан өзіме сенемін»: Әли Оқапов сырқаты жайында шындықты айтты
Әншінің дауысында кінәрат бар
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Роза Рымбаеваның ұлы, әнші Әли Оқапов өзінің денсаулығында ақау бар екенін айтты.
Айтуынша, ол дисфония дертімен күресіп келеді.
“Ештеңеге қарамастан мен өзіме сенемін және дайындық көмектеседі деп ойлаймын”, - деп жазды ол instagram парақшасында.
Сөзіне қарағанда вокалдан бір ай бұрын ғана сабақ алған. Дауыс ырғағының бұзылуының әсерінен оған оңай болмағанын айтады.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор