606

Қостанайда инспектордың плакатына балағат жазған қызға 185 мың теңге айыппұл салынды

Қостанайда учаскелік инспектордың плакатына балағат сөздер жазған 21 жастағы қызға ірі көлемде айыппұл салынды.

Қостанайда инспектордың плакатына балағат жазған қызға 185 мың теңге айыппұл салынды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полицияның мәліметінше, оқиға көпқабатты үйлердің бірінде болған. 

Бейнебақырау камерасына түсіп қалған видеодан екі қыздың лифтке кіргенін, қыздардың бірінің учаскелік полицейдің тұрғындарға ақпараттандыру үшін жапсырған плакатына маркермен жазу жазғанын көруге болады.

“Видео арқылы құқықбұзушы тез анықталды. Қыз баланың құқық қорғау органдарында есепте тұрғаны белгілі болды. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл жағдайда қыздың қоғамдық орынды ластауы ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады”, – делінген полиция хабарламасында. 

Полиция қызға ұсақ бұзақылығы үшін шамамен 185 мың теңге көлемінде айыппұл салынғанын мәлімдеді. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор