«Талдың қасына көме салайық деген»: Алматы облысында 2 жасар қызын ұрып өлтірді деп айыпталған әйел туралы деректер айтылды

Аиса Махамбет Редактор
04.10.2024, 13:05
672
«Талдың қасына көме салайық деген»: Алматы облысында 2 жасар қызын ұрып өлтірді деп айыпталған әйел туралы деректер айтылды Shutterstock

Сал ауруымен ауыратын 2 жасар қызын ұрып өлтірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында 39 жастағы әйел баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Көршілерінің айтуынша, келіншек сал ауруымен ауыратын 2 жасар қызын соққыға жыққан. Содан соң қылмысын жасыру үшін мәйітті талдың түбіне көмуді ұсыныпты. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы мәлімдеді.

Жантүршігерлік оқиға таңғы сағат 6-лар шамасында Боралдайда болған. Көршілердің айтуынша, әйел осы аймаққа 1-2 күн бұрын ғана көшіп келген екен. Сол түні 39 жастағы әйел баланың ұстамасы ұстады деп көршілерінен көмек сұрап барған көрінеді.

“Анама түнде жүгіріп келіпті. Бірақ енді оған анам не істей алады? Содан кейін таңертең анама талдың қасына көме салайық деп айтыпты. Анам шошып қалды, ондайды естімеген. “Көме салайық” дегеннен кейін полиция келіп алып кетті”, – деді Боралдай ауылының тұрғыны Диас Қанатов. 

Баласын өлтірді деп күдікке ілінген әйел жалдамалы пәтерлердің бірінде тұрған екен. Көшіп келгеніндеріне бірер күн ғана болғандықтан, көршілері жақсы танымаймыз деп отыр. Бірақ қайғылы оқиға болар күні күдікті әйелдің қызымен көшеде серуендеп жүргенін көргендер де бар.

“Әжем олардың қыдырып жүргенін көрген, бірақ қыздың денесі көгеріп тұрды дейді. Ол екеуін күндіз көрген болса керек. Кешке оның мәйітін тапты. Басқа ештеңе білмейміз. Үйдің қожайынын білеміз. Осыған дейін олар тұрған, ал мына адамдарды танымаймыз”, – деді тағы бір боралдайлық.

Алматы облыстық полиция департаменті бала өлімі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктінің тағы бір 10 жастағы қызы бар екен.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды