Оқу-ағарту министрі ұстаздарды мерекемен құттықтады

05.10.2024, 09:46
695
Оқу-ағарту министрі ұстаздарды мерекемен құттықтады жеке мұрағатынан

Ғани Бейсембаевтың мәліметінше, осы уақыт аралығында мұғалімдердің айлығы екі есеге көтерілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еліміздің бас ұстазы, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барша педагог қауымын кәсіби мерекемен құттықтады. Бұл туралы министр желі парақшасында жазды. 

Сіздерді кәсіби мерекеміз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Ұстаз — мамандық иесі ғана емес, ол өскелең ұрпақтың рухани бағбаны, болашақтың негізін қалаушы ұлт келбеті.  Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұстазды құрметпен төрге шығарған. 
«Ұстаз — ұлық емес, ұлы қызмет» деп батыр Бауыржан Момышұлы бағалағандай, мемлекеттің ертеңгі тағдырына жауапты ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздарға артылған аманаттың жүгі салмақты. Себебі, әрбір шәкірттің жүрегіне білімнің шамшырағын жағатын — Ұстаз,-делінген жазбада.

Бүгінде елімізде білім саласы бойынша 600 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында педагог мамандығының беделін арттыру бойынша орасан зор шаралар жүзеге асырылып келеді. Оның алғашқысы да, маңыздысы — мұғалім қауымы көптен күткен «Педагог мәртебесі» туралы заңның қабылданғанына да биыл 5 жыл.

Ғани Бейсембаевтың мәліметінше, осы уақыт аралығында мұғалімдердің айлығы екі есеге көтерілді. Олар қағазбастылықтан, артық жүктемеден, өз міндетіне жатпайтын жұмыстан босатылды, жаңа ынталандырулар белгіленіп, мүмкіндіктерге жол ашылды. Балабақша тәрбиешілері мен колледждерге өндірістен тартылған оқытушылардың жалақысы артуда. Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымының, материалдық-техникалық базасының жоғарғы талаптарға сәйкес жақсаруы мен жабдықталуына бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мемлекет тарапынан білім саласына соңғы жылдарда көрсетілген қамқорлықтың айқын мысалы бола алады. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де күшейтіліп, жалғасуда.

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім — мектептің жүрегі» деп бекер айтпаған. Мектептің, баланың болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті Ұстаздар!  Сіздердің еңбектеріңіз — еліміздің жарқын әрі бақытты болашағының негізі. Біз халқымыздың дәстүрлері мен құндылықтарына құрметпен қарап, қадірлейтін саналы ұрпақ қалыптастыруға бар жан-тәнімізді саламыз. Себебі, біз әрісі — Әл-Фараби, Абай, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы секілді көрнекті ойшылдардың, берісі  — К.Нұрғалиев, К.Айтқалиев, К.Бітібаева, Р.Нұртазина, М.Тасова секілді елдің құрметіне бөленген қайраткерлердің, Аягүл Миразова, Алина Соловьева, Алма Шүкіжанова іспетті Еңбек ерлерінің жолын лайықты жалғастыруымыз керек. 
Құрметті ұстаздар! Құрметті әріптестер! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің арқаларыңызда оқушыларымыз түрлі халықаралық білім додаларында көк байрағымызды жеңіс тұғырынан желбіретіп келеді. Еліміздің өскелең ұрпағының зияткерлік әлеуетіне күллі әлем жоғары баға берді. Тек осы жылдың өзінде біздің оқушыларымыз 58 алтын медаль жеңіп алып, робототехникадан әлемнің үш дүркін, химиядан екі дүркін чемпионы атанды. Сіздердің дендеріңізге саулық, сарқылмас қуат, қызметте табысты болып, абырой биігінен көрінулеріңізді тілеймін!,-деп жазды министр.

«Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды Мемлекет басшысы Пасха мерекесімен құттықтады Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген