«Неке түнінен кейін ақжайманы іліп қою дәстүрде бар»: Атышулы Қуат Хамитов әйелдікке пәк қыз алатынын айтты

Аиса Махамбет Редактор
05.10.2024, 12:58
735
«Неке түнінен кейін ақжайманы іліп қою дәстүрде бар»: Атышулы Қуат Хамитов әйелдікке пәк қыз алатынын айтты жеке мұрағатынан

Әйелдікке тек пәк қызды алатынын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, атышулы қазақстандық файтер Қуат Хамитов Вестник ММА YouTube арнасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы айтты. Спортшы әйелдікке тек пәк қызды аламын” деген ойынан айнымағанын және  “жақсы қыз” бен “жаман қыздың” айырмашылығы оның пәктігінде екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

“Біз жақта жігіттер тәрбие көрген, көше көрген. Тіпті, бізде неке түнінен кейін ақжайманы іліп қоятын салт-дәстүр бар. Жерлестеріміздің бірі пәк қызға үйленбесе, біз онымен араласпай қоятынбыз. Өйткені ол жігітке лайықсыз іс-әрекет жасады. Біз осылай тәрбиелендік. Әйел – ер адамның ар-намысы, бет-бейнесі. Сол себепті мен әлі де болса өз ойымнан айныған жоқпын, айнымаймын да. Мені жек көріп, балағаттайтындарға, жас қыздар мен ата-аналарға айтарым: ұл-қыздарыңызды арлы, пәк етіп тәрбиелеңіздер. Олар өздерінің іс-әрекетіне жауап бере алатындай болуы керек. Бұл – “жақсы қыз” бен “жаман қыздың” айырмашылығын көрсететін дүние”, – дейді Қуат Хамитов.

Файтер әр адамның су жаңа киім киіп, салоннан тұлпар мінгісі келетінін мысалға келтіріп, әйелдің ондай дүниелерден әлдеқайда құнды екенін айтты. 

“Неге біз жаңа әйел алмауымыз керек? Әйел – су жаңа көлік пен киім-кешектен әлдеқайда бағалы. Сол себепті, адамдарға ұнасын-ұнамасын, бұл қалыпты нәрсе. Исламда ер адамдарға да әйеліне пәк күйінде бару керегін айтады. Ондайға жігіттер жоламауға тиіс. Өйткені бұл сенің ұрпағыңа әсер етеді. Егер еркек әр әйелге барса түрлі ауру жұқтырады. Ондай инфекциямен туған бала ауру болып дүниеге келеді. Сондықтан абай болу керек”, – дейді атышулы спортшы.

Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды