Қазақстанда алимент бойынша қарызы барларға құмар ойын ойнауға тыйым салынып жатыр

05.10.2024, 13:31
816
Қазақстанда алимент бойынша қарызы барларға құмар ойын ойнауға тыйым салынып жатыр el.kz

Қазақстанда алимент бойынша қарызы барларға құмар ойын ойнауға тыйым салынып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда қазір балаларына 350 миллион теңге алимент берешегі бар, құмар ойынға тәуелді 150 адам тұрады. Олар берешектері бола тұра казино ойнауды, бәстігуді жалғастыруда. 

Прокуратура құмар ойнауғақатысты шектеулер енгізе бастады. Бұл тыйымдар шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Ойын бизнесі туралы" заңмен реттеледі. Заң 9 қыркүйекте күшіне енді.

Енді борышкерлердің бірыңғай тізілімінде тұрған қазақстандықтар казино ойнай алмайды, спорттық бәс тіге алмайды.

"Балаларының алдында 350 млн теңге қарызы бар 150 борышкер құмар ойын ойнағаны анықталды. Осылайша, букмекерлік кеңсе арқылы 2,5 миллион теңге қарызы бар борышкердің бірі 80 миллион теңгелік айналымымен құмар ойындарға бас тіккен", — деп хабарлады бас прокуратура.

Прокуратураның араласуынан кейін алимент төлейтін 150 адамға құмар ойындарын ойнауға тыйым салынды.

"Елорданың прокуратурасы ойын бизнесін ұйымдастырушыларды борышкерлерді құмар ойындарға қатысуға жол бермеуге шақырады. Заң талаптарын орындамағаны үшін айыппұл, ал қайталап бұзғаны үшін лицензияның қолданылуын тоқтату жазасы қарастырылған", – деп қорқытты департаменттегілер.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды