Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді

06.10.2024, 09:15
655
Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді aqorda

Президент елордадағы сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша өтіп жатқан жалпыұлттық референдумда дауыс берді. 

Президент референдумда оң шешім қабылданған жағдайда станция құрылысымен халықаралық консорциум айналысуы қажет екенін айтты.

Бұл оңай мәселе емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс. Дей тұрғанмен бұл жағдайға жеке көзқарасым — Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын Халықаралық консорциум жұмыс істеуге тиіс, — деді президент.

Елімізде он мыңнан астам сайлау учаскесі ашылып, Қазақстанның өзге елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде 74 учаске жұмыс істеп жатыр.

Бүгін халық «Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап береді. «Иә» немесе «жоқ» деген екі жауап қарастырылған. 

Айта кетейік, сайлаушылар тізімінде 12 млн 233 мыңнан астам азаматтың аты-жөні бар. Егер дауыс беру тізіміне енген азаматтардың 50 пайыздан астамы қатысса, референдум өтті деп саналатынын еске саламыз.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды