756

Бетон араластырғышқа құлаған: Қостанай облысындағы зауытта жұмысшы мерт болды

Қостанай облысындағы "БК-Строй" компаниясына қарасты зауытта жұмысшы бетон араластырғышқа құлап, мерт болды.

Бетон араластырғышқа құлаған: Қостанай облысындағы зауытта жұмысшы мерт болды
ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 қыркүйекте Қостанай ауданы Садовый ауылында кәсіпорындардың бірінің аумағында 60 жастағы шебер автоматтандырылған бетон араластырғышқа түсіп кеткен.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Бірақ ер адам құжаттарға сәйкес жұмыс істемеген, оның орнына қызы тіркелген екен. Марқұмның артында алты баласы қалды.

Қазір полицейлер еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор