Германияда денесі табылған экс-судьяның күйеуі қызымен бірге Ресейге көшіп кеткен

Аиса Махамбет Редактор
07.10.2024, 15:35
758
Германияда денесі табылған экс-судьяның күйеуі қызымен бірге Ресейге көшіп кеткен жеке мұрағатынан

Германияда өлі күйінде табылған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі қызымен бірге Ресейге көшіп кеткен. Қыз екі аптада Ресей азаматтығын алды. Бұл туралы "ТВ Центр» телеарнасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, биыл жазда қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның Германияда жоғалып кеткенін айтылды. Бұған дейін ол достарына күйеуі Александр Донцовтың өзін ұрғанын айтқан. Сайлыбаеваның отбасы сыртқы істер министрлігіне көмек сұрап жүгінген. 

17 маусымда неміс полициясы Айгүл Сайлыбаеваның денесі Германияның Бенсхайм қаласының шетінен полиэтилен пакетке оралған күйде табылғанын жариялады. Тергеушілер қазақстандық әйел кісі қолынан қаза тапқан деп есептейді. Істі 35 маман тергеп жатыр.

Қазір Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцовтың өзі туған Ресейге көшіп кеткені белгілі болды. 

"Мен Германияға тұрақты көшу мүмкіндігін ешқашан ойлаған емеспін. Мен әрқашан Мәскеуге оралып, Ресейде өмір сүргім келді. Бұл отбасымызды одан әрі қолдаудың соңғы үміті болды", – деді Донцов сұхбатында.

Марқұм әйелдің күйеуі "ішкі істер министрлігінің жедел жұмысының арқасында" қыздың екі аптадан кейін азаматтық алғанын айтты.

"Ресей Ішкі істер министрлігі бас басқармасының басшылығы отбасын бұзбау және қиындық тудырмау үшін көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бүгін біз Александрға қызының азаматтық алғаны туралы куәлікті табыс еттік. Қазір бала Ресей Федерациясында балалардың барлық құқықтарын пайдаланады", – деді ІІМ Мәскеу қалалық бөлімшесінің азаматтықты қарау бөлімінің басшысы Алексей Катков.

Сонымен бірге баяндамада Донцов қызының жоғалған әжесі, 49 жастағы Наталья Донцова туралы ештеңе айтқан жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы мәліметі бойынша ол Сайлыбаевамен бір күнде жоғалып кеткен. Содан бері ол туралы жаңа ақпараттар қоғамда пайда болған жоқ. Жазда хабарсыз кеткен Наталья Донцованың 2018 жылы ресейлік ЛДПР партиясына өткенін, содан кейін Мәскеу мэрлігіне үміткер болғанын хабарлады.

Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)