Ақтөбелік бақшашы қоластындағы жұмыскерлерді өз қаржысына Түркия еліне саяхаттауға апарған

Аиса Махамбет Редактор
07.10.2024, 16:03
864
Ақтөбелік бақшашы қоластындағы жұмыскерлерді өз қаржысына Түркия еліне саяхаттауға апарған facebook.com/Самат Нарегеев

Әлеуметтік желіде жұмыскерлеріне ерекше қамқор Спартак Төремұратов есімді ауыл тұрғынының ісі көпті тәнті етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ақтөбелік жергілікті кәсіпкер, бақшашы Спартак Төремұратов қоластындағы жұмысшыларын Түркия еліне демалуға апарған.

Бұл туралы Ақтөбе газетінің журналисі Самат Нарегеев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, Спартак Төремұратов Ақтөбе өңірінде қарбыз бен қауын өсірумен айналысатын бақшашы көрінеді.

Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округінің тұрғыны Спартак Төремұратов облыс тұрғындарына қауын-қарбызымен жақсы танымал. Ауданның брендіне айналған оның өнімдеріне сұраныс өте жоғары. Ол бұл кәсіппен он жылдан астам уақыт айналысып келеді. Жазғы маусымда ауылдың оқушылары, студенттері Спартактың бақшасында жұмыс істеп, табыс табады. Бақша иесі күзде бірнеше жұмысшыларды еліміздің ірі қалаларына қыдыртады. Биыл да 7-ші рет сапарлары жалғасбақ. Оған алдын ала билет алынып қойған.Ал әзірге шаруашылықтың жұмысшысы мен тракторшысын өз қаржысына Қара теңізге апарып қыдыртып жүр. Спартактың арқасында ауыл балалары ел көріп шетелге шығып отыр, - деп жазды журналист.

Журналист кәсіпкердің көктемдегі су тасқынының кесірінен шығынға ұшырағанын айтты. Бірақ бақшашы соған қарамастан өз қаржысына жұмысшыларын Анталияға саяхаттауға апарған.

Ол табыстың көптігінен емес. Спартактың мақсаты — ауыл балаларының көкжиегін кеңейту. Екі жылдан бергі су тасқыны шаруашылықты біраз шығынға ұшыратқан. Биылғы өнімі де ойдағыдай болмапты. Оған себеп — су тасқыны жердің құнарын алып кетеді екен. Қарбыздары толық өспей қалып 7-8 миллион теңге шығынға батқан. Соған қарамастан көктемде айтқан уәдесін жұтпайын деп жұмысшыларды Анталияға апарды. Қазіргі таңда жастар жаз бойғы еңбегінің жемісін көруде. Бір адамға шамамен 450-500мың теңге шығады екен. Мұның бәрі Спартактың қалтасынан. Жастарды жыл сайын қыдыртатын Спартактың экскурссиясына мемлекет неге қолдау жасап жеңілдіктер қарастырмайды? Облыс бойынша бұлай серуендететін жалғыз Спартак қана, - деп жазды ол.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды