«817 миллион теңгеден асады»: Ең жоғары жалақы алатын мемлекет басшылары анықталды

Аиса Махамбет Редактор
07.10.2024, 16:45
929
«817 миллион теңгеден асады»: Ең жоғары жалақы алатын мемлекет басшылары анықталды sputnik

Ең жоғары жалақы алатын мемлекет басшылары анықталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, көрсеткіште бірінші орынға Сингапурдың премьер-министрі Лоуренс Вонг жайғасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

PoliticalSalaries басылымының дерегінше, саясаткердің жалақысы жылына шамамен 1,69 миллион доллар (817 миллион теңгеден жоғары).  Ал рейтингте екінші орында Швейцария президенті Виола Амхерд. Оның жалақысы жылына 569,5 мың доллар (275 миллион теңгеден аса). Үшінші орында жылына 412,5 мың доллар (199 миллион теңгеден астам) жалақы алатын Австралия премьер-министрі Энтони Албаниз.

Одан кейінгі орынды жылдық табысы 400 мың доллар (193 миллион теңгеден астам) болатын АҚШ президенті Джо Байден иеленді. Бесінші орынды жылына 316,7 мың доллар (153 миллион теңгеден астам) жалақы алатын Австрия канцлері.

Тізімнің алтыншы орнын жылына 310,5 мың доллар (150 миллион теңгеден астам) жылдық табысымен Жаңа Зеландияның премьер-министрі Кристофер Лаксон иеленді. Жетінші орында жылына 310,5 мың доллар (150 миллион теңгеден астам) жалақымен Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо.

Германия канцлері Олаф Шольц сегізінші орында. Оның жылдық табысы 293,3 мың доллар (141 миллион теңгеден аса). Тоғызыншы орында жылына 276,4 мың доллар (133 миллион теңгеден аса) жалақы алатын Жапония премьер-министрі Сигэру Исиба тұр. Ирландияның премьер-министрі Саймон Харрис ең жоғары жалақы алатын ондықты аяқтады Оның жылдық табысы 267,3 мың доллар (129 миллион теңгеден аса).

Ал еліміздең басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалақысы 30, 810 мың доллар, яғни 14 миллион 920 мың теңгеден асады. 

Фото: politicalsalaries.com

Фото: politicalsalaries.com

Айта кетейік, бұған дейін Германия канцлері Шольц пен Тоқаевтың қатысуымен өтетін бизнес-форумға қанша қаражат кеткені туралы жазған едік. 

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген