«Маңдайын жырып, терезені сындырдым»: Ләйлә Сұлтанқызы оқыс болған оқиға туралы айтып берді
Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы мектеп кезінде басынан өткен қызық оқиғасын бөлісті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, БАҚ өкілі оқушы кезінде өте белсенді болғанын айтты.
“Мектеп кезінде мені кейде мұғалімнің орнына қалдырып кететін. Өзі активист, өзі үздік Ләйлә ондайда қатал еді. Бір күні сөз ұқпай, тентек болған бір сыныптасыма сызғыш лақтырғанмын. Ол сызғыш әлгі ұлдың маңдайын жырып, терезені де сындырды. Сөйтіп әкем келіп, терезені де жөндетті, баладан да кешірім сұрағаным бар”, – деп жазды журналист.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор