Баянауылдағы өрт: Ауа-райы кінәлі, шаруалар да алаңсыз жүр әлі...

07.10.2024, 19:04
284
Баянауылдағы өрт: Ауа-райы кінәлі, шаруалар да алаңсыз жүр әлі... коллаж smartnews.kz

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ормансыз аумағында орын алған алапат өрт қос облыс әкімін аяғынан тік тұрғызды. Қарағанды облысынан күш алған қызыл жалын шекаралас жатқан Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданына лап бергені белгілі. Ресми органдар өрттің оқшауланғанын мәлімдеді. Өкінішке қарай, оқиға орнында бір құтқарушы жан тапсырды.

Жалпы, соңғы жылдары Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында өрт жиі тіркеліп жүр. Қазақстанда тұңғыш құрылған мемлекеттік табиғи парк саналатын қасиетті жердің әр тасы, әр ағашы қымбат. Сол себепті мемлекеттің қамқорлығына алынғаны түсінікті. Өрттің жиі тіркелуінің себебі неде? Жергілікті өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтауға қаншалықты дайын?

Орман өрті тыйылмай тұр

Кеше орын алған өрттің себебін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов шөп шабу кезінде қолданылатын техникалардағы ұшқын сөндіргіш құрылғылардың істемеуімен байланыстырып отыр. Тілсіз жау 6 мың гектарға жайылды.

«Сондықтан барлық шаруа қожалығынан міндетті түрде ұшқын сөндіргіш құрылғылар болуы тиіс қолданыстағы техникаларды тексеруді, сондай-ақ өз шаруашылықтары мен үйлерінің, әсіресе, шөп қоры сақталатын орындардың айналасын уақытында жыртуды сұраймын», - деді А. Байханов.

Сурет: AsaiynBaikhan телеграм арнасынан

Осыдан 5 жыл бұрын Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орын алған өрт салдарынан 100 гектарға жуық алқап күлге айналған еді. Аймақта 5-санатты өрт қаупі жариялануының өзі тілсіз жаудың үлкен шығын әкелгенін аңғартқандай. Сол уақытта облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қызыл жалынның тұтануына бірнеше күннен бері өңірде сақталып тұрған қолайсыз ауа-райы себеп болғанын алға тартқан болатын. Орман өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 500 маманы мен 120 техника жұмылдырылған-ды.

2022 жылы маусымда ұлттық табиғи паркінің аумағында орын алған өртті сөндіруге жергілікті атқарушы органдардан, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен, сондай-ақ Павлодар облысы ТЖ департаментінен 39 техника мен 132 жеке құрам жұмылдырылған еді. Өрттің аумағы 5 гектарды құрады. Қызыл жалын найзағайдың түсуінен орын алғаны жарияланды.

2023 жылы шілдеде табиғи парктің 4,7 гектар аумағы отқа оранды. Мұнда да өрттің себебі найзағай екені айтылды. Өртті сөндіруге жергілікті ТЖД 6 қызметкер мен 1 техника, орман шаруашылығынан 23 адам мен 7 техника, сондай-ақ бір авиаборт жұмылдырылды.

Біздің мысал келтіргеніміз, БАҚ бетіне шығып, жалпақ жұртқа жария болған өрттер ғана. Биыл жаз маусымында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі басшылығы ұсынған мәліметке сүйенсек, 2023 жыл мен 2024 жылдың жаз айларына дейін 20 орман өрті тіркеліпті. Ал, биылғы өрт қаупі жоғары кезеңде Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 4 орман өрті орын алған.

Өз техникаң болғанға не жетсін?

Жалпы, мұндағы 68 мың гектар ерекше қорғалатын аумаққа жатады. Оның 40 мың гектары – қарағайлы орман алқабы. Бұл ретте, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі басшылығы материалдық-техникалық базаны жақсартуды естен шығарған емес. Атап айтсақ, биыл жаз айында 3 өрт сөндіру көлігі, 2 беларус тракторы, 25 өрт сөндіретін 25 химиялық жауынгерлер киімі мен қызметкерлерді тасымалдайтын автобус сатып алынған. Былтыр материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жаңартуға республикалық бюджеттен 211 миллион теңге қаражат бөлініпті. Сөйтіп, қосымша 30 мотоцикл сатып алынған. Жаңадан алынған техника үш орман алқабына таратылған. Ал 4 инспекторға жаңа көлік берілген.

Баянауыл ұлттық саябағында 160 маман жұмыс істейді. Мұнда келесі жылы өрт сөндіру көліктері мен отын тіркемелерін жаңарту жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде мұндай техникалардың көбі әбден ескірген. Апат айтып келмейді. Өрт орын алғанда көрші облыстардан көмек сұрағанша, өз иелігіндегі техникамен тілсіз жауды жедел алауыздықтаған әлдеқайда ұтымды емес пе?

«Қолын сүйді»: Құрманай Бақтиярқызы Мақпал Жүнісоваға ерекше құрмет көрсетті Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды Жоғалып кеткен турист акуланың ішінен табылды Феминита белсенділері Алматы әкімдігін «Лесбиан құрылтайын» өткізуге қысым көрсетті деп айыптады «Анасының көзінше сыра үшін баланы өлтірген»: Талғардағы бозбаланың өліміне қатысты тың дерек шықты Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды Келе жатсам көшеде: Жігіттерді әскерге «алып қашу» жалғаса ма? «Сәбитпен ажырасып жатқан уақыт»: композитор Айгүл Иманбаеваның хит әніне қатысты құпияны ашты Бас муфтидің түркістандық имамдардан ақша жинағаны рас па? «Басымнан қандай қиындық өтсе де, маған деген көзқарасын өзгертпеді»: әнші Гауһар Әлімбекова адал тыңдармандарына алғыс айтты «Ренжіп, сөйлемей қояйын десем, ән айту керек болып қалады»: әнші Жазира Байырбекова күйеуі туралы айтты «Ирина Кайратовна, ұялсаңдаршы!»: Баян Мақсатқызы танымал топтың жігіттеріне ескерту жасады Қантқа қарық боламыз ба? Алматыда халықаралық деңгейдегі сарапшылар қатысатын ARCHICA-2024 дөңгелек үстел өтеді «Астана» футбол клубы легионерлерге бес жылда 50 млрд жұмсаған Референдумда тәуелсіз бақылаушы болғандар қысым көргенін айтты Референдумның ақырғы нәтижесі: Елімізде АЭС салынатын болды Елена Рыбакинаның көрсеткіші әлемдік рейтингте құлдырап барады «Әйтеуір татуласты»: Қайрат Нұртастың әйелі мен анасының бірге түскен суреті көпшілікті қуантты «Жоғары білімім жоқ»: Түркістанда кесенеге келген туристермен ағылшынша сөйлескен күзетші өзі жайлы айтып берді