Ақтауда қылмыстық топ құрған бойжеткендер кішкентай қыздарды аяусыз ұрып кеткен (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
08.10.2024, 09:59
1142
Ақтауда қылмыстық топ құрған бойжеткендер кішкентай қыздарды аяусыз ұрып кеткен (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Желіде Ақтауда кәмелетке толмаған қыздардың соққыға жығылған сәтінің видеосы тарады. Бұл туралы Lada.kz басылымы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде тараған видеодан бір қыздың екіншісін ұрып-соғып жатқанын көруге болады. 

Полиция департаменті ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. 

Басылымның мәліметінше, видеодағы кәмелетке толмаған қыздың анасы 19-21 жас аралығындағы бір топ қыздардың қылмыстық топ құрып, жасөспірімдерді жинайтынын айтқан. 

“Менің қызым оларға ақымақтықпен қосылған. Олар сауда орталықтарында қыздармен танысып, оларды өз топтарына тартып, әдемі екендерін айтып, достасып алады. Балалар олармен қарым-қатынас жасай бастағанда, балаларды өздеріне бағындырып, басқара бастайды. Қыздарды қорқытып, ұрып-соғады. Ұрған кезде оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салады", – дейді қыздардың бірінің анасы.

Кадрларда қыздардың бірі жасөспірімді басынан жұдырықпен ұрып жатқаны көрінеді.

“Бұл оқиға демалыс күні болды. Маған 12 жастағы қызымды сауда орталығының аумағында ұрып-соғып жатқаны туралы қоңырау түсті. Ббірден қызыма қоңырау шала бастадым, бірақ ол жауап бермеді. Кешкі сағат тоғыз шамасы. Күйеуім екеуміз бірден сауда орталығына бардық. Біз келген кезде қараңғы түсіп кеткен, сауда орталығының артында камера жоқ. 20-30 адамды көрдік. Біз барғанша қыздар бір жасөспірім қызды ұрып-соғып, үйіне жіберіп үлгерген. Екінші қыздың ерні жарылып кеткен, менің қызым жарақат алмапты. Оқиға орнына дереу полицейлер шақырдық”, – дейді қыздардың бірінің анасы.

Облыстық полиция департаменті ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

“Осы оқиғаға қатысы бар барлық қатысушылар анықталып, полицияға жеткізілді. Сондай-ақ заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, құқықтары мен мүдделерін қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Материал әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданады. Құқық бұзушылар профилактикалық есепке алынды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде”, – делінген хабарламада. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды