3223

Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды

Араға бір жыл салып ұлы композитордың артынан кетті...

Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал сазгер Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды журналист Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді.

Ол суық хабардан есеңгіреп отырғанын айтты.

Осы жаңа суыт хабарды естіп, көңілім құлазып отыр. Қазақта "аталатсаң да, боталатпа" дейді ғой. Қазір Арманның жесірі, келіншегіне өте ауыр, қиын. Үлкен ұлы қайтыс болды дегенді естіп, отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын,- деді тележүргізуші.

Айта кетейік, Арман Дүйсенов 2023 жылдың қаңтарында мезгілсіз дүниеден өткен еді. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор