«Анасының көзінше сыра үшін баланы өлтірген»: Талғардағы бозбаланың өліміне қатысты тың дерек шықты

Аиса Махамбет Редактор
08.10.2024, 17:47
2117
«Анасының көзінше сыра үшін баланы өлтірген»: Талғардағы бозбаланың өліміне қатысты тың дерек шықты бейнежазбадан алынған кадр

Бір құты сыра үшін 16 жастағы өрімдей жас баланы өлтіріп кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бірнеше күн бұрын Талғар қаласында бір топ азаматтың арасында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат көз жұмған еді.

Шерзаттың әкесі Болат жалға дүкен алып, сауда жасаған. Сол күні бәрі сол дүкенде басталған. Бір жас жігіт дүкенге келіп, бір құты сыра алып, ақшасын төлемей кете барған. Болат сыраның ақшасын төлеуді талап еткен. Арада жанжал туындаған.

Болаттың інісі мен ұлы, 16 жастағы Шерзат клиенттен кетуді сұраған. Бірақ сыра алған жігіт достарына қоңырау соғып, дүкенге үш машинамен бір топ жігіт келген. Арасында үш-төрт қыз да болған.

«Ұлым маған қоңырау соғып, қазір бізді ұрады деді. Мен бірден дүкенге бардым. Мен барған кезде ұлым мен қайнымды жол бойында ұрып жатты. Жолдасым пышақ ұстаған жігітті әрі итеріп жатты. Ондағылардың бәрінде пышақ пен тапанша болған екен. Ұлымды көз алдымда сабады. Мен оның қанын көрдім», - дейді Шерзаттың анасы Гүлбара Бишембиева.

Туысқандары зардап шегушілерді ауруханаға жеткізгенімен, Шерзаттың өмірін аман сақтап қала алмапты.

Шерзат отбасындағы бес баланың үлкені. 10 сыныпта оқып жүрген. Әскери училищеге түсуге дайындалып жүрген. Төбелеске қатысқан әкесінің інісіне үш жерінен пышақ сұққан. Қазір ол ауруханада жатыр.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Облыстың Полиция департаменті істі ерекше бақылауға алған. Тергеу жүріп жатыр. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды