Феминита белсенділері Алматы әкімдігін «Лесбиан құрылтайын» өткізуге қысым көрсетті деп айыптады

Аиса Махамбет Редактор
08.10.2024, 18:32
795
Феминита белсенділері Алматы әкімдігін «Лесбиан құрылтайын» өткізуге қысым көрсетті деп айыптады ulysmedia.kz

Бұған дейін Алматы әкімдігі 8 наурыздағы дәстүрлі маршқа қатысуға рұқсат бермеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Феминита" ұйымы Алматы әкімдігін "Қазан айындағы лесбиан құрылтайы" атты іс-шараларын тоқтатпақ болды деп айыптады. Бұл туралы stan.kz жазды.

Феминистік қозғалыстың белсенділері экологиялық конференция өткізетін орын таба алмай жүргенін, бұған қалалық биліктің араласуы себеп болып жатқанын мәлімдеді, деп жазады. 

"Біздің құрылтайды тоқтатуға тырысып жатыр. Бұған Алматы әкімдігі кедергі келтіріп жатыр. Төрт қонақүйде және бір коворкингте брондауымызды жойды. Барлығы бізді "Феминита" деген тізімде тұрғанымызды айтып жатыр. Біз жай ғана қарап отырмаймыз, бәрі бір іс-шарамызды өткіземіз. Алматы әкімдігі бизнеске қысым көрсетіп, лесбиан құрылтайына барынша кедергі келтірді. Артық қылам деп, тыртық қылған себепті, қазір Алматының барлық көшесінде лесбиан өріп жүр", — деп мәлімдеді феминистік белсенді Жанар Секербаева. 

Ақырында белсенділер Алматыда "Лесбиан құрылтайын" өткізетін орын тапты. Іс-шараның тақырыбы — "Экология және оның ЛГБТ қауымдастығына әсері: біз дағдарыстарды қалай бастан өткереміз және болашағымызды қалай елестетеміз".

Фото: Скрин Instagram / Феминита

Феминистер Instagram парақшасында әкімдіктің олардан жарықты өшіріп тастағанын және олардың іс-шарасына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері келгенін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі 8 наурыздағы дәстүрлі маршқа қатысуға рұқсат бермегенін хабарлаған едік. Бұған қала тұрғындарының феминистер әйелдер құқығы үшін күресуді сылтау етіп, "жат дәстүрлі емес құндылықтарды" насихаттап жатыр деген шағымдары себеп болды. 

Сондай-ақ мамыр айында Epetition.kz сайтында ЛГБТ-ны "насихаттауға" қарсы петиция пайда болды. Оның авторы — "Қазақстан ата-аналар одағының" төрайымы Багила Балтабаева. Ол феминистерді "дәстүрлі емес құндылықтарды" насихаттағаны үшін сынға алды. Сөйтіп Human Rights Watch ұйымы Қазақстан үкіметін бұл петицияны қабылдамауға шақырды. Себебі ол ЛГБТ қауымдастығына ашық түрде кемсітушілік жасалды деп айыптады. Дегенмен мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда ЛГБТ-ны "насихаттауға" ішінара тыйым салуды қолдады.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген