«Марқұмның бар сырын дүйім жұртқа жариялау керек пе?»: әнші Меруерт Түсіпбаева дүниеден өткен өнер өкілдеріне қатысты құпияны ашатын әріптестеріне шүйлікті

Аиса Махамбет Редактор
09.10.2024, 14:09
1416
«Марқұмның бар сырын дүйім жұртқа жариялау керек пе?»: әнші Меруерт Түсіпбаева дүниеден өткен өнер өкілдеріне қатысты құпияны ашатын әріптестеріне шүйлікті жеке мұрағатынан

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева марқұм болған өнер өкілдеріне қатысты құпияның жария болмау керегін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі өзінің де көп ел алдына шығып, сұхбат бергісі келмейтінін айтты. 

“Пост жазуға сұхбат беруге құлқым жоқ. Өтірік айтқым келмейді. Шындық көпшілікке ұнамайды. Тыныштық керек, дегенмен, көптен бері осы ой мазалап жүр еді… Осы дүниеден өтіп кеткен танымал адамдар туралы, сұхбат беру дұрыс емес. Марқұмдардың көрге өзімен алып кеткен құпия-сырларын ақтару – көргенсіздік. Жақында осы тақырыпта бір үзінді көріп қалып, жағамды ұстап едім. “Мұнысы несі екен?!” деп ойладым да қойдым. Тіпті мынау не деп оттап отыр деп те ұрысып алдым. Бәлкім, ол тірі кезінде сізге сеніп, жан-дүниесін ақтарған болар?! “Өзі жоқтың –көзі жоқ” деп, абыройын төгіп, марқұмның бар сырын дүйім жұртқа жария ету керек пе?! Құдай-ау, ол танымал адамның өзі мен көзі кеткенімен артында бала-шағасы, ел-жұрты, жекжаты, көрермені қалды емес пе?! Иә, ол марқұм қайтып келіп, өсекшіні сілкімес, жауапқа тартпас, сотқа бермес. Бірақ артында қалған ұрпағы бұдан кейін қалай өмір сүреді?! Елдің бетіне қалай қарайды?! Неге сонша қатыгез болдыңыздар, адамдар!”, – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, продюсер Баян Мақсатқызы да танымал адамның жеке өміріне қол сұқпауға үндеген еді. 

“Бағдарламаға қатысқан адамдардың сөзін журналистер қолдап, соны тыңдап отырыпты. Жалпы, танымал адамдардың жеке өміріне қатысты әңгіме қозғауды тоқтатыңыздар! Олардың өміріне араласпаңыздар!”, – деді Баян Мақсатқызы.

Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды Тоқаев Қытайға 1 500 ақбөкен сыйлады «Ішкиімімді шешіп отырғам»: Әйелдер вагонындағы қыз жолсеріктің ер адам болғанына шағымданды Ер адам бұрынғы енесін баланың көзінше өлтіріп тастады Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Израиль президенті: Хаменеиді өлтірсек, Иранмен қақтығыс тоқтайды Lamborghini-ден секіремін деп астына түсіп қаза тапқан жігіттің ісі бойынша сот үкімі шықты Иран тағы да Израильге қарай зымыран атқылады – жағдай ушығып барады Астаналық тұрғын сот арқылы ұлтын «неміс» деп өзгертті Ресей әскерінің Киевке жасаған түнгі шабуылынан 14 адам қаза тапты Петропавлда екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып көз жұмды