1058

«Жасөспірімдер үшін түнде жүру – қауіпті»: Жазира Байырбекова түнгі он екіде туған күнмен құттықтайтындарға ескерту жасады

Танымал әнші Жазира Байырбекова түнгі он екіде туған күнмен құттықтап, көше тыныштығын бұзатындарды сынады.

«Жасөспірімдер үшін түнде жүру – қауіпті»: Жазира Байырбекова түнгі он екіде туған күнмен құттықтайтындарға ескерту жасады
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, соңғы кезде қоғамда болып жатқан жағдайларға байланысты жасөспірімдерге түнде жүрген қауіпті екенін ескертті. 

“Құрметті инстадостар! Түнгі 12:00-де арнайы барып туған күнмен құтықтағанды сіз болып, біз болып тоқтатайық. Достар, туыстар, сыныптастар арасындағы чаттарға да жіберіңіз. Бұл нәрсе ешкімге ыңғайлы емес. Ұйықтар уақытта ешкімге ұнайды деп те ойламаймын. Жай ғана инстадан көріп, еліктеу арқылы әдетке айналған болуы керек. Әсіресе жасөспірімдер үшін түнде жүру қауіпті. Келісетіндеріңіз келісемін деп жаза кетіңіздер", – деп жазды әнші. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қолдаса, енді бірі ұмытылмас сәт сыйлайтынын айтып, әбестігі жоқ деген пікір жазды. 

“Осы мәселені мектепте көтеру керек”, “Қазіргі заман қорқынышты, неше түрлісін естіп жатырмыз”, “Әке-шешені тыңдайтын бала азайды”, “Мен де үйдегілерге оятып, құттықтамаңдар деп айтамын”, “Мұндай мәселелерді өнер өкілдері көтеру керек” деп жазып жатыр көпшілік. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор