Елімізде тұңғыш жасанды интеллект мектебі ашылады

10.10.2024, 09:33
1102
Елімізде тұңғыш жасанды интеллект мектебі ашылады nic.ru

Жаңашыл мектеп жастарға жасанды интеллект технологиясын үйретпек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Tomorrow School – білім беру саласында әлемге танылған жаңашыл педагог Николас Садирак әзірлеген 01 Edu платформасында инновациялық peer-to-peer оқыту жүйесін пайдаланатын бірегей жасанды интеллект мектебі.

Мектеп білім алушылар арасындағы тәжірибеге негізделген өзара байланысқа басымдық беріп, бағдарламалау дағдыларын нөлден бастап үйретеді. Мұндай бағдарламалар бойынша оқыған түлектердің 90%-дан астамы курсты аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасып, әдістің тиімділігін айшықтады.

Tomorrow School-дың оқыту ерекшеліктері:

  • Мұғалімдер мен дәстүрлі сабақтар жоқ – оқыту студенттердің өзара көмегі мен топтық жұмысына негізделген;
  • Барлық студентте Астана қаласындағы Astana Hub технопаркі алаңында оффлайн форматта тегін оқу мүмкіндігі бар;
  • Мектеп тәулік бойы (24/7) жұмыс істейді, студенттер өздеріне ыңғайлы оқу кестесін құрады;
  • Оқуға түсу үшін бағдарламалау бойынша алдын ала тәжірибе талап етілмейді.

Іріктеу үміткерлердің логикалық ойлауын тексеретін 2 онлайн ойыннан және «бассейн» деп аталатын оқытудың кіріспе кезеңіне тікелей қатысуды көздейтін бөлімнен тұрады. Бірінші «бассейн» 21 қазан – 17 қараша аралығында өтеді, мұнда қатысушылар бағдарламалау әлеміне тереңірек бойлап, оқуды жалғастыру үшін өз мүмкіндіктерін бағалайды.

«Бассейннен» өткеннен кейін қатысушылар 18 айлық негізгі оқытуға көшеді. Бұл кезеңде олар 50-ден астам жобаны жүзеге асырып, Golang, Rust, JavaScript, Python және басқа да 20-дан астам бағдарламалау тілін меңгереді. Ақтық мәреде студенттер мына мамандықтардың бірін таңдауға мүмкіндік алады: ЖИ-инженері, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші, фулстек-әзірлеуші, мобильді қосымшалар әзірлеушісі, DevOps инженері, IT жүйелерінің сәулетшісі, киберқауіпсіздік маманы және бейнеойындар әзірлеушісі. Ал «бассейн» барысында үздік нәтиже көрсеткен өзге қаладан келген қатысушыларда негізгі оқу уақытында тұрғын үймен қамтылу мүмкіндігі бар.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді