Теміртауда полицей оқиға орнында қайтыс болған адамның банк картасын иемденіп, ақша шешіп алған

Аиса Махамбет Редактор
10.10.2024, 11:33
765
Теміртауда полицей оқиға орнында қайтыс болған адамның банк картасын иемденіп, ақша шешіп алған ema.com.ua

Теміртау қаласында полицей оқиға орнынан мәйіттің банк картасын алып, жеке мақсаттарда пайдаланған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Теміртау қалалық соты полиция қызметкері Ж-ға қатысты қылмыстық істі қарады. Ж құқық қорғау органының қызметкері бола тұра қызмет бабын теріс пайдаланып, банктік картаны ұрлап, одан ақша шешіп алғаны үшін айыпталды.

Анықталғандай, Ж есімді азамат Теміртау қаласының полиция бөлімінің криминалисті болып жұмыс істеп жүрген кезінде оқиға орнына барып, пәтерден табылған мәйітті тексеру барысында марқұмның "Халық Банкі" АҚ-на тиесілі банк картасын тауып алады. Ол картаның құпия нөмірлерін көріп, бұл мәліметтерді теріс мақсатта пайдаланып, кейін банк картасынан 182 000 теңге шешіп алған.

Прокурор Ж-ны мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап, материалдық шығын өтелгендіктен, жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды және қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Сот Ж-ны қылмыстық кодекстің “Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану бойынша" кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар, Ж-ны мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығынан өмір бойы айырып, пробациялық бақылау орнатылды.

Сот, жәбірленуші тараппен татуласу нәтижесінде, қылмыстық істі тоқтатты. Ж-ның бұрын сотталмағаны, үш кәмелетке толмаған баланың асыраушысы болғаны, сондай-ақ келтірілген залалды толық өтегені ескерілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады