Қызына араша түсіп күйеуіне пышақ сұққан әйел әділдік іздейді

10.10.2024, 13:31
913
Қызына араша түсіп күйеуіне пышақ сұққан әйел әділдік іздейді Getty Images

Алты жасар өз қызын зорламақ болған күйеуіне пышақ сұққаны үшін әйел сотталып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі журналист, заңгер Инга Иманбай желідегі парақшасында президенттен араша сұраған әйелдің хатын жариялады.

Инга Иманбай желідегі парақшасында өзіне жолдаған хатты жариялады. Онда аты-жөні белгісіз әйел өз басынан өткен оқиғаны баяндаған. Айтуынша, әйел бұрынғы күйеуіне пышақ сұққаны үшін сотталған. 

“Қазір әйел бұрынғы жұбайына пышақ салғаны үшін үш жарым жылға сотталды. Кішкентай балалары болғандықтан жазасын өтеу бес жылға шегерілген. Ол бұрынғы жұбайын не үшін жарақаттағанын білесіз бе? Ол алты жасар қызын әкесінің зорлығынан қорғады, әкесі бір күні қызына келіп, тыржалаңаш құшақтап, сүйген”, – дейді Инга Иманбай. 

Әйелдің айтуынша, баланы пышақпен қорғаудан басқа амалы қалмаған.  

“Бұл үшін әйел сотталды. Ал ер адам жоқ! Ол әлі де бостандықта! Оған қатысты қылмыстық іс төрт рет жабылып, ашылды. Қазір іс қайта ашылды. Бірақ Бостандық ауданының тергеушілері істі тергеуге асықпайды. Сондықтан әйел президентке және уәкілетті органдарға жүгінуге мәжбүр”, – дейді құқыққорғаушы.   

Әрі қарай өзіне жолдаған хатын келтіреді. Онда жәбірленуші басынан өткен оқиғаны толық баяндаған. 

“Екі жыл бұрын Бостандық ауданының тергеушісі А.А. маған қысым көрсетіп, қорқытып, жертөледе тамақ пен сусыз үш күн ұстады. Осылайша, ол қажетті түіндірмеге қол жеткізуге тырысты. Ол ұлымның түсіндірмесін әдейі бұрмалады, ол да сол күннің куәсі. Нәтижесінде, өз қызын зорламақ болған қоғам үшін қауіпті потенциалды педофил екі жылдан бері бостандықта! Ал мені, баланы зорлықтан қорғаған ананы, бұрынғы жұбайын шарасыздықтан пышақпен жарақаттап тоқтатқаны үшін үш жарым жылға соттады”, – делінген  хатта. 

Әйелдің сөзінше, күйеуі ұлына да тиіскен. Сондықтан ажырасуға тура келген. Бірақ бұрынғы күйеуінің туыстары, таныстары мен достары органдарда істегендіктен, іс жабылып қалған.  

Енді әйел Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан, Бас прокурор Берік Асыловтан араша сұрайды. 

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды