От та жоқ, сот та жоқ: Қай өңірдің жасөспірімдері сотқар?

10.10.2024, 14:37
985
От та жоқ, сот та жоқ: Қай өңірдің жасөспірімдері сотқар? senate.parlam.kz

Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, жасөспірімдер арасындағы қылмыстар шыға келеді. Тіпті, қыздардың төбелесі де төбе шашыңды тік тұрғызатыны жасырын емес.

Күні кеше Талғарда орын алған сұмдық оқиға әлі күнге дейін қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бұл ретте, бүгін Сенаттың жалпы отырысында сенатор Дархан Қыдырәлі еліміздегі жастар арасындағы зорлық-зомбылық пен қылмыстың белең алып бара жатқанына тоқталды.

Оның айтуынша, биылғы 9 айдың көрсеткіші бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ұлытау, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында артқан.

«Масс-медиадағы басым күш культі, танымал сериалдар мен басқа да формалар арқылы агрессияның насихатталуы қатігездікті өршіте түсетіні аян. Әлеуметтік желілер арқылы кең таралған ойындар жастардың танымы мен талғамын қалыптастырады. Сонымен қатар ата-ананың мейрімін сезінбеу, отбасыдағы түрлі кикілжің мен травма, білім ошақтары мен тәрбие орындарында жастарға социализация моделін ұсына алмау сияқты себептерді де жоққа шығара алмаймыз. Тәлімгердің айлығы төмен, сынып жетекшілігіне төленетін ақы аз. Орташа 10 мектепке 1 инспектордан ғана келеді», - деді Д. Қыдырәлі. 

Сенатор жастардың проблемасы әртүрлі министрліктер құзыретіне бөлініп кеткенін, бірақ салаға жауапты Жастар комитетінің өңірлерде тікелей құрылымы жоқ екенін жеткізді. Тіпті, кейбір салаларда бірнеше адам ғана жастар саясатымен айналысатын көрінеді.

«Заңдар мен бағдарламалар қабылданып жатыр. Атқарылып жатқан істер де аз емес. Десек те бұл ұлт болып ойланатын өзекті тақырып. Жастар саясаты бойынша басқармаларды барлық өңірлерде қайта құру маңызды. Жастардың ресурстық орталықтарын жақсарту керек және аймақтарда Комьюнити орталықтарын ашу керек. Орталық және аймақтық атқарушы органдардың жұмысын жүйелеу үшін отбасы және жастар ісі жөніндегі комитеттің құзыретін күшейту қажет», - деді Дархан Қыдырәлі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды