1102

Алдағы екі күнде жерді ең жоғары деңгейдегі магнит дауылы басады

Күн астрономиясы зертханасы жерді ең жоғары, бесінші G5 деңгейіндегі магнит дауылы басып қалуы мүмкін екенін ескертті.

Алдағы екі күнде жерді ең жоғары деңгейдегі магнит дауылы басады
CC BY 2.0 / NASA Goddard Space Flight Center / Magnificent CME Erupts on the Sun

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ғалымдар магниттің әсері алдағы екі күнге созылуы мүмкін екенін айтты. Бір күн бұрын Күнде X1,8 деңгейіндегі алау пайда болды. Ол 10 қазанда Жерге жетеді дейді. 

"Жақында рекордты жаңартқан X9.1 алауынан кейін геомагниттік болжамның беделі аздап төмендегенімен, бұл жолы одан құтылу мүмкін емес. Плазма бұлты өте үлкен. Ал ені барлық мүмкін болатын өлшеу қателерінен асып түседі", – деп жазды астрономдар.

Магнит дауылының қарқыны әлсізден өте күштіге дейін өзгеруі мүмкін. Өйткені плазмалық бұлт тығыздығы мен жылдамдығы бойынша біркелкі емес құрылымға ие. Алдағы екі күнде, ең жоғары, бесінші деңгейдегі магнит дауылы болуы мүмкін.

Ең ықтимал сценарий үш күнге созылуы мүмкін G4 дауылдарын қамтиды. Қазақстан уақыты бойынша сағат 13:00-де плазмалық бұлт планетаны жабады деген болжам бар.

Материал авторы