«Төрт жылда екі рет түсік тастады»: Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне қатысты құпияны ашты

Аиса Махамбет Редактор
11.10.2024, 13:26
948
«Төрт жылда екі рет түсік тастады»: Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне қатысты құпияны ашты бейнежазбадан алынған кадр

Жақында екі мәрте ана атанған Баян Мақсатқызы екі қызының қалай дүниеге келгенін айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер блогер Айсәуле Бақытбекке сұхбат беріп, 50 жасында ана болу бақытына қалай қол жеткізгенін жасырмады. 

“Сегіз жыл бұрын сүйікті адамыма тұрмысқа шыққаннан кейін балалы болуды қаладым. Соңғы бес жылда үнемі ойлап жүрдім. Одан кейін денсаулығымды жақсартуға уақыт кетті. Көп ота жасалып, физикалық тұрғыда шаршап қалдым. Тұрмыс құрған алғаш кезеңде ол туралы ойламадым. Бір күні Тұрсен екеуміз балаға қатысты тақырыпты талқыладық. Ол: "Онсыз да сенің денсаулығың көп сынақтан өтті, саған қиын болғанын қаламаймын" деді. Бір жағынан жас ерекшелігімді де еске салды. Ол кезде менің жасым 45-те еді. Тұрсен маған бірден: "Баланы өзің көтергеніңді қаламаймын" деді. Қазір заман дамыған. Басқа да жолдары бар. Осы жаста бұл нәрсені басқа жолмен жасауға болады" деді. Содан балалы болу жолында түрлі қадамды іздедік, – деп бастады әңгімесін Баян Мақсатқызы. 

Арада көп уақыт өтпей продюсер ЭҚҰ дәрігері Салтанат Байқошқарованың алдына барғанын айтты. 

“ТВ-да істеп жүргенімде бірнеше рет Салтанат Берденқызымен сұхбаттасқанмын. Бір күні соған хабарластым. Ол кісіге жоспарымызды айтып, бәрін кеңсесінде талқыладық. Мен өте көп анализ тапсырдым. Үш ай бойы менің денсаулығымды бақылады. Қорытындысы өте жақсы шықты. Маған табиғи жолмен бала көтере алатынымды айтты. Бірақ мен қарсы болдым. Себебі табиғи жолмен ана болуға дайын болмадым. Суррогат ананың көмегіне жүгінуді ұсынды. Оған қатысты да бірнеше ақпаратты түсіндірді. Біз келісіп, енді сол бағытта жұмыс істей бастадық. Тұрсеннің биоматериалын сақтап қойдық. Төрт жыл бұрын алғашқы қадам сәтсіз болды. Ұрықты орналастырғаннан кейін екі апта өткен соң дамымай қалып, түсік тастады. Тұрсен “Онда тұрған ештеңе жоқ, демек уақыты әлі келмеді” деді. “Тағы бір рет талпынып көрейік” деген ой айтты. Сәтсіз оқиғаға екі жылдан кейін тағы тап болдық. Ол кезде де ұрық дамымай қалып, түсік тастады. Бізге орталық мамандары хабарласып, жағдайды айтып берді. Ұл бала дамып келе жатыр еді. Тұрсен де екі рет сәтсіз болса да, күлімдеп “Тағы да көрейік” деді. Сол кісінің қолдауымен екі қыздың ата-анасы атандық – деді танымал продюсер.

Еске салайық, Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне көмектескен Салтанат Байқошқароваға алғыс білдірді. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды