«Түсік тастағанда ұл екенін біліп, құлазыдым»: Баян Мақсатқызы ұл баланың анасы атанғысы келетінін жасырмады

Аиса Махамбет Редактор
11.10.2024, 18:34
2028
«Түсік тастағанда ұл екенін біліп, құлазыдым»: Баян Мақсатқызы ұл баланың анасы атанғысы келетінін жасырмады жеке мұрағатынан

Баян Мақсатқызы ұлды болғысы келгенін, бірақ арманы орындалмағанын жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер блогер Айсәуле Бақытбектің "Сырласу" бағдарламасында берген сұхбатында айтып берді. 

“Тұрсен екеуміздің қыздарымыз бар. Бірінші некесіндегі қызын да өте қатты жақсы көреді. Мен де сендерді шексіз сүйемін. Менің дәрігер Салтанатқа барғандағы мақсатым – ұл баланың анасы болу еді. Ұл балаға қарау, ұл баланың анасы атану сезімін басымнан өткеріп көргім келді. Мұның ұрпақ жалғастыру, жеті атасын толықтыру деген нәрселерге қатысы жоқ. Өміріме өзгеріс енгенін қаладым. Түсік тастағанда ұрықтың ұл екенін білдік. Өзімнің көңіл-күйім түсіп кетті. Бірақ Тұрсен: “Неге қыз баланы өмірге әкелмеске” деді. “Қыздарың бар ғой, ұлға ниеттенейік” дедім. Ол: “Мен қыздарымды жақсы көремін, қарашы, қандай сұлу қыздарымыз бар” деді. Содан кейін ойым өзгерді, – деді Баян Алагөзова.

Одан кейін продюсер жасы ұлғайған кезде аналардың бала көтеруі ешқандай да ұят емес екенін жеткізді. 

“Екі қыздың анасы атанып, тіпті жасарып кеттім. Өзімді ешқашанда 50 жастағы әйел сезінбеймін. 30 жасым мен 50 жасымның арасынан ешқандай айырмашылық көрмеймін. Белгілі бір шеңбер ішінде ғана ойлайтын адамдарға айтарым – мұның бәрі сіздің басыңыздағы ойлар. Сіздің барлық кәрілігіңіз – басыңыздағы ойда ғана. "Осы жаста қалай бала табады екен" дегенге ұялмаймын. "Ұят қой, мынау" дейді. Бәлкім, мұндай ойлар маған мүлде жат шығар. Білмеймін, маған ұят емес. Қаласам, 60 жасымда бала таба аламын. Бәлкім, екі емес, 10 жылдан кейін тағы бала тапқым келетін шығар?! Неге таппасқа?! Денсаулығыңды күт, психологиялық жағдайыңды бақыла! Тар шеңберде ойлайтын болсам, бәлкім, дәл қазір өзіңмен ашық әңгіме айтып отырмас едім”, – деді актриса. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды