Әйгілі футуролог Юваль Ной Харари Астанада өтетін CONNECTED-2024 конференциясына қатыспақ

12.10.2024, 14:21
1085
Әйгілі футуролог Юваль Ной Харари Астанада өтетін CONNECTED-2024 конференциясына қатыспақ Getty Images

CONNECTED-2024 конференциясында болашақ жайлы бірнеше бестселлер авторы Юваль Ной Харари хэдлайнер болады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласында 2024  жылдың 18-19 қазан күндері жаһандық нарротивтер мен болашақтың бейнесін пайымдау тақырыптарын талқыға салатын CONNECTED-2024 халықаралық конференциясы өтеді. 

Конференцияға 20 елдің 1500-нан астам өкілі қатысады. 70-тен аса халықаралық спикерлер қатысатын 18 панельдік сессия жұмыс жасайды. 

Тарихшы, футуролог, адамзаттың болашағы жайынша бірнеше бестселлер кітаптардың авторы Юваль Ной Харари - іс-шараның хэдлайнерінің бірі. Харари сұрақтарға тікелей эфирде жауап береді деп күтілуде.

Юваль Ной Харари – тарихшы және жазушы, оның адамзат болашағы туралы көзқарастары білім беру эволюциясын талқылауға мүмкіндік береді. Оның идеялары конференция тақырыптары үшін кеңірек контекст бере алады.

Харари«Sapiens: A Brief History of Humankind, Homo Deus:  ертеңгі күннің қысқаша тарихы», «21 ғасырға арналған 21 сабақ», «Сапиенс: графикамен жазылған  тарих» және «Біз тоқтамаймыз» сериялары және «NEXUS: Ақпарат желілерінің тас ғасырдан Жасанды интеллектке дейінгі қысқаша тарихы» бестселлер кітаптарының авторы.   Оның туындылары 65 тілге аударылып,  45 миллионнан астам тиражбен сатылды және ол бүгінгі күні әлемдегі ең ықпалды интеллектуалдардың бірі болып саналады.

Харари сонымен қатар The Guardian, The Financial Times, The New York Times, TIME, The Washington Post және The Economist сияқты басылымдарға мақала жазады.

Конференцияға қатысатын спикерлер тізімі: 

– Мамаду Квиджим Туре, Ubuntu командасының негізін қалаушы және жетекшісі, жүйелі ойшыл, филантроп, Африкадағы ең ықпалды ТОП 10 адам тізіміне енген (Forbes), Жас жаһандық көшбасшы (WEF) (Біріккен Араб Әмірліктері).

– Луциан Тарновский, United People қозғалысының және UP Game негізін қалаушы, Дүниежүзілік экономикалық форум шешімі бойынша жас жаһандық көшбасшы, индуист- футуролог (Испания)

– Мей Лин Фунг, People Centered Internet компаниясының төрағасы және тең құрылтайшысы, IEEE IC Social Impact Measurement төрағасы, Impact Network құрылтайшысы (АҚШ)

– Лука Лантеро, Лиссабондық тану конвенция комитетінің президенті, ASEM (Азия-Еуропа форумы) білім беру хатшылығының басшысы (Италия).

– Барбара Оакли, Окленд университетінің инженерия саласындағы құрметті профессоры (АҚШ)

– Нинослав Шчуканец-Шмидт, Білім беруді дамыту институтының атқарушы директоры (Хорватия).

– Риз Хан, журналист, тележүргізуші, CNN International, Al Jazeera English арнаналарының бұрынғы жүргізушісі (Ұлыбритания).

– Стив Кинг, Еуропа, Орталық Азия және Оңтүстік және Солтүстік Американың  Білім беру серіктестігінің жетекшісі (Ұлыбритания)

– Торнике Джобава, GITA (Грузия инновациялық және технологиялар агенттігі) төрағасының орынбасары (Грузия).

– Йохен Бербнер, Еуразиялық Топтың (ERG) Бас директорының технологиялар және операциялар жөніндегі орынбасары (Қазақстан).

– Арнур Маденов, Бибігүл Төлегенова атындағы шығармашылық мектебінің бас директоры (Қазақстан)

– Диана Райан, Бизнесті дамыту жөніндегі директор, Орталық Азиядағы HP (Қазақстан)

CONNECTED конференциясы жаһандық мәселелерді бейбіт көзқараста талқылауымен ерекшеленеді. 

Ұйымдастырушылар болашаққа мәдениет, философия және технологиялар мен инновациялар арқылы, табиғатпен үндесе отырып бейбіт көзқараспен қарауға шақырады. 

Қазіргі заманның негізгі қатерлері мен мүмкіндіктерін талдау үшін конференция бүкіл әлемдегі өзгерістер агенттерін – жаһандық құндылықтарды дамытудың, сондай-ақ білім мен тәжірибені саналы түрде қолданудың маңыздылығына сенетіндерді біріктіреді.

CONNECTED бағдарламасы кілтті үш блокқа негізделген: «Future Shaping» (Жаңа үлгі мен болашақтың картасын жасау), «Future Education & Science» (болашақ үшін шынымен маңызды білім тақырыбына арналған бөлім) және  «EdTech and Impact Entrepreneurship» (Жаңа әлемдегі білім мен технологиялардың пайдасы мен әсері). 

Негізгі міндет – болашақтың біртұтас, синхронды бейнесін жасау және болашақ ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырудың қалай қажет екенін түсіну.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды