«Басында пранк деп ойладым»: Шымкентте ломбардты тонамақ болған адамды тоқтатқан студент боксшы болып шықты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
13.10.2024, 12:51
1686
«Басында пранк деп ойладым»: Шымкентте ломбардты тонамақ болған адамды тоқтатқан студент боксшы болып шықты (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Оқуының ақшасын төлеу үшін телефонын ломбардқа тапсырмақ болған. Оған ерлігі үшін ломбард иесі жаңа смартфон сыйлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкенттік 18 жастағы студент ломбардты тапаншамен тонамақ болған адамды тоқтатып, полицияға ұстап берген еді. Қазіргі уақытта студент желі жұлдызына айналды. Бұл туралы 24.kz арнасы мәлімдеді. 

Шабуылдаушы ломбардқа клиент ретінде кіріп, сосын қызметкерге тапанша бағыттаған. Аталған оқиғаға күтпеген жерден боксшы Ұлықбек Ахмедов араласқан. Дене шынықтыру және спорт факультетінің бірінші курс студенті тонаушыны тоқтатып, полицияға ұстап берген.

Оқиға тапа-тал түсте болған. Қарақшы қарапайым тұтынушының атын жамылып, ломбардқа кіріп кеткен. Алайда әп сәтте тапаншасын суырып алып, қызметкерге қарай бағыттаған. Жағдай күтпеген жерден өзгергеніне таңданған қыз, не істерін білмей абдырап қалған. Сол сәтте ломбардта тұрған екінші келуші күдіктіні залалсыздандырған. Қарақшыны ұстаған батыр 18 жастағы Ұлықбек Ахмедов болып шықты.

“Бұл жағдайды мүлде байыппен қабылдаған жоқпын. Себебі пранк деп ойладым. Басында күліп тұрдым. “Мұны шынымен жасайын деп тұрсыз ба” деп сұрадым. Ол дөрекі түрде “иә” деп жауап берді. Сосын барып, әрекет етуім керек екенін түсіндім. Ол кассадағы қызға қарап, тапаншаны бағыттаған кезде, сол қолынан ұрып, орнына қойдым”, – деді шымкенттің Ұлықбек Ахмедов. 

Ұлықбек бокспен 4 жылдан бері айналысады. Қазір ол университеттің бірінші курс студенті, болашақ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Сол күні оқу ақысын төлеу үшін телефонын кепілге қою үшін ломбардқа келген екен. 

“Ұлықбек өз күшін дұрыс кезде ғана пайдаланады. Көшеде біреуді қорқыту әрекеті бұрын-соңды болмаған. Керісінше, әлсіздерге көмектесіп, төбелесіп жатқандарды ажыратады”, – дейді шымкенттік Жансұлтан Тілесов. 

Фото: Видеодан скрин

18 жастағы студентті шымкенттік полицейлер арнайы марапаттады. Ерлігі үшін оған сертификат табыс етіліп, ломбард иелері алғыс ретінде жаңа смартфон сыйлады.

“Қазіргі уақытта тұрғындар полицияға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде ғана емес, қылмыскерлерді іздестіруде де көмектесетін жағдайлар жиі кездеседі. Қайсар жігітке батыл әрекеті үшін алғыс айтамыз. Дегенмен, мұндай жағдайларда өз денсаулығыңызға зиян тиюі мүмкін екенін ұмытпаңыз”, – деді Шымкент қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Бағлан Исатаева. 

Ломбардты тонамақ болған күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Ал жас жігіттің әрекетіне желі қолданушылары тамсанып, жылы лебіздерін білдірді. Олардың пайымдауынша, ерлік үшін тек күш ғана емес, батылдық пен азаматтық жауапкершілік қажет.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды