Министрлік Шерзаттың қазасынан соң Талғардағы жасөспірімдерді бақылауға алды

Аиса Махамбет Редактор
14.10.2024, 16:40
1192
Министрлік Шерзаттың қазасынан соң Талғардағы жасөспірімдерді бақылауға алды коллаж smartnews.kz

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова мәжіліс аясында 16 жасар Шерзаттың қайғылы қазасынан соң, Талғардағы жағдайға биліктің назар аударғанын жеткізді. Айтуынша бұл аймақтағы жасөспірімдермен тәрбие жұмыстары жүргізіледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Балалардың құқығын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова ведомство мамандары әлі де теріс көзқарастағы жастармен кездеспегенін айтты.

"Біз әлі теріс пиғылдағы балаларды кезіктірмедік. Сол жастармен де жүздеспедік. Қазір бұл балалардың ортасы анықталып жатыр", – деді ол.

Ведомство 16 жасар Шерзат Болатты өлтірген оқиғадан кейін қалада жасөспірімдерді тәрбиелеу жөніндегі жұмысты бақылауға алуға ниетті. 

"Алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін ІІМ мен Бас прокуратура істі белсенді кезеңге өткізеді. Тиісінше, тәрбие мәселесі, жасөспірімдерді пайдалы іс-шаралармен айналысу және балаларды мектептен тыс іс-шаралармен қамту мәселесі сөзсіз бақылауға алынады", – деп жауап берді Насымжан Оспанова. 

Сондай-ақ ол елімізде өткен оқу жылынан бастап "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асырып келе жатқанын айтты. Оның аясында өңірлерде тәрбие жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды