«Балалардың тегі әртүрлі, анасы – еден жуушы»: Жітіқарадағы өрттен бес бала көз жұмған отбасының әлеуметтік жағдайы белгілі болды

14.10.2024, 17:50
2115
«Балалардың тегі әртүрлі, анасы – еден жуушы»: Жітіқарадағы өрттен бес бала көз жұмған отбасының әлеуметтік жағдайы белгілі болды Getty Images

Отбасы әлеуметтік жәрдемақы мен алимент алып отырған. Өрттен отбасыдағы 6 баланың 2011 жылы туған үлкені ғана тірі қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс үйінде өткен үкімет сағатында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қостанай облысында өрттен көз жұмған бес баланың әлеуметтік жағдайы туралы айтты. Министрдің айтуынша, отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. 

Министр Светлана Жақыпованың айтуынша, Қостанай облысы Жітіқара қаласында өрттен көз жұмған отбасы әлеуметтік көмектен бөлек алимент те алған.

"Отбасы атаулы әлеуметтік көмекті алған. Отбасындағы балалардың фамилиясы әртүрлі. Әйел екі рет некеде болған. Бірінші некеден – үш бала, екінші некеден – үш бала. Ең кенже бала – 1 жаста. Мамырда әйел көпбалалы ана атанып, "Күміс алқа" медалімен марапатталған. Бірінші күйеуімен ол ресми түрде ажырасқан. Биыл жазда 320-330 мың теңге көлемінде алименттік төлем алған. Екі тоқсан бойы оған 290 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Ол жергілікті дүкенде еден жуушы болып жұмыс істеген", - деді ол.

Ол сондай-ақ министрлікке қарасты департамент директоры оқиға орнына барғанын, көмек көрсетілгенін айтты.

"Таңғы сағат 6-да мен Алматыға жұмыс сапарымен ұшып кеттім. Оқиға орнына департамент директоры барды. Ол басынан аяғына дейін сонда болды. Жерлеу рәсіміне де қатысты. Отбасыға тиісті қолдау шарасы көрсетілді", - деді ол.

 Министр оқиғаның кейбір мән-жайларын бөлісті.

"Үйдегі үлкен ұлдың айтуынша, қайғылы оқиға таңғы сағат 4:30 шамасында басталған. Ол таңғы сағат 5-те көршілерден көмек сұраған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде үйдің шатыры құлаған. Сол түні әйел қалаға кеткен. Не үшін кеткені тергеу аясында айтылмай отыр. Оның неге кеткенін мен де білмеймін. Сол күні кешкі сағат 7-де үйге 1995 жылы туған жігіт келіп, от жаққан. Содан кейін кетіп қалған. Балалар тоңып қалмауы үшін анасы оны жіберген болуы керек", - деді ол.

Еске сала кетейік, өткен аптада Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан бес бала қаза тапты. Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылғы кәмелетке толмаған балалар болған.

Өкінішке қарай, үйінділерді тазарту барысында бес баланың денесі табылды. Балалардың үлкені – 2011 жылы туылған бала ғана аман қалды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды