Астанада жатақханадан өрт шықты
Елорданың Байқоңыр ауданында орналасқан жатақханалардың бірінен өрт шықты. Әзірге өрттің себебі белгісіз. Жалпы, аталған ауданда ескі жатақханалар көп екенін ескерсек, олардың жағдайын бір тексеріп қойса артық етпейтін сияқты.
Белгілі болғандай, өрт салдарынан бөлмелер мен ғимараттың шатыры отқа оранған.
«Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел келген кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
Өртті сөндіру жұмысына ғимараттың жан жағындағы өтетін жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда», - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Материал авторы