Министрлер мен әкімдер белсенді болса, көрсеткіш жоғары болатын еді – Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектенов үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша ел экономикасының өсу динамикасы оң нәтиже көрсеткенін атап өтті. Десе де, одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болатын еді. Министрлер мен әкімдер белсенді қимылдаса...
Барлық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Астана және Шымкент қалаларында өсім тіркеліп отыр. Ең төмен көрсеткіштер – Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарында.
«Әкімдер мен министрлер белсенді жұмыс жүргізсе, кейбір салалар мен өңірлердегі экономикалық көрсеткіштер бұдан әлдеқайда жоғары болатын еді.
Артта қалған салаларды жеделдету үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдап, күнделікті мониторинг жүргізу керек. Әкімдіктер өңдеу өнеркәсібін қолдауға, құрылыс пен сауданы ынталандыруға баса назар аударуы қажет. Мұнда үлкен резервтер бар», - деді О. Бектенов.
Материал авторы