889

Байлық көп, айлық аз

Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында ел экономикасымен қатар отандастарымыздың жалақысы неге өспей жатқанын түсіндірді.

Байлық көп, айлық аз
коллаж smartnews.kz

«Қазақстан экономикасы кейінгі 3 ай бойы 4 пайыздық өсімді көрсетіп отыр. Неге қазақстандықтардың жалақысы өспейді?» - деп сұрады журналист.

Министр экономика өсімі мен айлық өсімнің арасындағы алшақтық ел экономикасының құрылымына байланысты екенін айтады.

«Бұл статистиканы біз де білеміз. Қазақстанда 150-300 мың теңгеге дейін жалақы алатын адамдардың үлесі - 35 пайыз, 300-600 мың теңгеге дейін алатындар - 36 пайыз. Ары қарай азаяды. Бүгінгі таңда экономиканың құрылымының өзі сондай», - деді ол.

Материал авторы