726

Бітпейтін форум: Қаржы министрі форум өткізуге ақша сұрағандарға не деді?

Флешмоб туралы әңгіме бөлек, елімізде форум жиі ұйымдастыралатыны рас.

Бітпейтін форум: Қаржы министрі форум өткізуге ақша сұрағандарға не деді?
Sputnik / Alexey Filippov

Маңызды іс-шараны ұйымдастыруға аз қаражат жұмсалмайды. Осы ретте, Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2025 жылға мемлекеттік органдардың имидждік іс-шаралар үшін сұраған барлық өтінімдерін мақұлдамағанын алға тартып отыр.

Осылайша, қазынадағы триллион теңге үнемделіпті. Аз ақша емес, әрине.

«Биыл имидждік іс-шараларға, іссапарларға және басқа да артық шығындарға жұмсалатын шығындар шамамен 360 млрд теңгеге қысқартылды. Алдағы уақытта да осы бағытта бюджет үнемдеу жалғаса береді», - деді министр.

Қысқасы, Қаржы министрі алаулатып-жалаулатып өтетін форумдардың бәріне бірдей қаржы бөлмейді енді. Ел үшін маңызды іс-шараларға ғана бөлінсе, тіпті жақсы.

Материал авторы