«Онлайн ашық сот»: Прокуратура Шерзаттың ісін ашық сотта өткізу туралы сұрау жіберетінін айтты

15.10.2024, 17:48
1147
«Онлайн ашық сот»: Прокуратура Шерзаттың ісін ашық сотта өткізу туралы сұрау жіберетінін айтты коллаж smartnews.kz

Жәбірленуші отбасының талабы ескеріліп, іске қатысты сот ашық өтпек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының прокуратурасы Талғарда асқан қатігездікпен өлтірілген 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот ашық өтуін сұрамақ.

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов тергеу жұмыстары кезінде заң бұзушылықтардың болмағынын мәлімдеді. 

“Жәбірленуші тарап соттың ашық өтуін талап етіп жатыр. Тергеу барысында ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ. Прокуратура соттың онлайн режимде, ашық өтуін сұрайды”, – деді Берік Адамов.

Сондай-ақ полиция Талғардағы оқиға орнында түсірілген видеоның тарап кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғады. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов бір күн бұрын әлеуметтік желіде "Қамажай" дүкенінің алдында түсірілген видео тарағанын айтты.

“Бұл видео кеше (14 қазан – шамамен) әлеуметтік желіде пайда болды. Ішкі қауіпсіздік департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл видеоның әлеуметтік желіге қалай таралғанын анықтау керек. Жақында ғана іс қозғадық, осы істің аясында мән-жайдың бәрін анықтаймыз деп ойлаймын”, – дейді Ішкі істер министрінің өкілі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды