«Мәйіт көпқабатты үй терезесінің түбінен табылды»: Астанада 19 жастағы жігіттің өліміне қатысты күдіктілер анықталды

Аиса Махамбет Редактор
16.10.2024, 09:34
1860
«Мәйіт көпқабатты үй терезесінің түбінен табылды»: Астанада 19 жастағы жігіттің өліміне қатысты күдіктілер анықталды бейнежазбадан алынған кадр

Астана полициясы қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Ведомство екі тараптың, оның ішінде марқұмның анасының мәлімдемелері мұқият тексерілетінін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 13 қазан күні 19 жастағы жігіттің денесі көпқабатты тұрғын үй терезесінің түбінен табылды.

14 қазан күні марқұмның анасының ұлын әлде біреулердің өлтіріп кеткенін айтқан видеосы тарады. Ол ұлының өліміне 4 адамның қатысы барын айтады. Сондай-ақ олардың билікте танысы барын айтқан ана күдіктілер жауапкершіліктен құтылып кетеді деп қорқады. 

Астана полиция департаменті 19 жастағы жігіттің мәйіті табылғанын растап, оған қатысты қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеген еді. 

“Алдын ала мәлімет бойынша, ол 9-қабаттың терезесінен құлаған. Оқиғаға қатысы бар адамдар анықталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық дәлелдері мен мәлімдемелері мұқият тексеріледі”, – деп мәлімдеді ведомство.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды