Пробация һәм проблема: Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекеті жайлы не дейді?

16.10.2024, 11:58
782
Пробация һәм проблема: Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекеті жайлы не дейді? коллаж smartnews.kz

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың пробация ережелерін бұзып, тойда көңіл көтеріп жүргенін жазған едік.

Бүгін Мәжіліс отырысының алдында депутат журналистерге аталған мәселеге қатысты ойын білдірді.

«Жас бала туған күнге барған. Үнемі онымен әңгімелесіп тұрамын. Заң бұзуға болмайтынын айтамын. Қай әке баласын жаман болсын деп тәрбиелейді?.. Қолдан келгенше тәрбие бердік, ақылымды айтып жүрдім. Бала бірақ жақсы, жақсы бала. Бірақ мен үшін бе, білмеймін, баланың артынан аңду бар. Әйтпесе 21-дегі бала. Ертең ол бала жүйкесі тозып, ауру болып кетуі мүмкін. Оған кім жауапты? Айтайын дегенім, балам өте жақсы бала, тәрбиелі. Бүгінгі күні оның артынан аңдып енді... Туған күнге баруға болмай ма? Өзінің жасындағы достарымен араласуға болмай ма? Сол жағы да мен қатты ойландырады», - деді ол.

Депутат баласының әрекеттері бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға негіз бола алмайды деп есептейтінін де айтты.

«21-дегі бала әлі. Енді қалай айтуға болады? Өмірді әлі көрмеген бала. Оны бас бостандығынан не үшін айыру керек ? Сағат кешкі 20.30-да әріптестерімен отырған ғой. Ішіп отырған жоқ ол жерде. Ол бала ішпейді. Өйтіп бірден түрмеге қамайтын болсақ, ондаол дұрыс болмайды. Ол тәрбие емес», - деді депутат.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады