Кімдер несиесін кейінге шегере алады?

16.10.2024, 12:21
726
Кімдер несиесін кейінге шегере алады? sputnik

Мәжілісте таныстырылған заң жобасы несие төлеуде қиындыққа тап болған азаматтарға төлем мерзімін кейінге қалдыруға мүмкіндік бермек.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мерзімі өткен кредиттердің мәселесін реттеу кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдар мен төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерді қосымша қорғау ұсынылып отырғанын айтты.

«Осы санатқа жататын азаматтар үшін берешекті реттеу кезінде қарыздар мен микрокредиттер бойынша төлем мерзімін міндетті түрде кемінде 3 ай мерзімге кейінге қалдыру, сондай-ақ ай сайынғы төлемді 50 және одан да көп пайызға азайту көзделеді. Қарыз алушы-жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін банктік қарыздарды мерзіміненбұрын өтегені үшін айыпақы алуға тыйым салынады. Микрокредитті қайтармағаны үшін айыпақыны қоспағанда, азаматтардың микрокредиттері бойынша кез келген айыпақы өндіріп алуға тыйым салынады», - деді ол.

Оның айтуынша, аталған норма банктен қарыз немесе микрокредит алу үшін жасалатын сақтандыру шарттарының сақтандыру комиссиясы 10% шегінде белгіленеді.

«Тұтынушыларды мәжбүрлеп жүктелген қаржы өнімдерінен қорғау мақсатында, қаржы ұйымдарында қаржы өнімдерін әзірлеу мен енгізудің ішкі рәсімдерінің болу талабы енгізіледі», – деді Мәдина Әбілқасымова.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады