Кеңес үкіметінен келе жатқан норманы өзгерту керек – Абзал Құспан

16.10.2024, 17:08
957
Кеңес үкіметінен келе жатқан норманы өзгерту керек – Абзал Құспан коллаж smartnews.kz

Мәжіліс депутаты 201-бапты өзгерту керек екенін Қаңтар оқиғасынан бері айтып келе жатқанын атап өтті.

«Бүгінде Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасы аясында бұл мәселе талқыланып жатыр. Қазір біз ішкі істер органдарын да, прокурорларды да «Неге мына ақпаратты бермейсің?», «Неге мына мәліметті толық ашпайсың?», - деп айыптай алмаймыз. Өйткені қолданыстағы 201-бап оларға кедергі. Ал енді біздегі заң ұзақ қаралады ғой. Ол енді шамамен, жобамен келесі жылдары шығады. Біраз процедурасы бар. Негізі ол мәселе актуалды. Талғар оқиғасы аясында да ол мәселені айттым. 201-бапты біз қайта қарауымыз керек», - деді Абзал Құспан.

Депутат озық елдердің тәжірибесінде Қазақстандағыдай қатаң шектеу жоқ екенін айтады.

«Әрине, отбасы құпиясына байланысты болмаса жыныстық сипаттағы қылмыстар бар. Оларды ашуға болмайды. Мемлекетті құпиясы бар істер болады. Міне, сондай шектеулерді қалдырып, қалған істер ақпаратты ашық берген дұрыс. Өйткені, біріншіден, қоғамның талабы осындай болып тұр. Екіншіден, біз басқа дамыған батыс елдерінің, Американың тәжірибесін көріп отырмыз. Ол жерде осындай бір резонансты істер болса, полиция көп жағдайда қызметі ел алдына шығып, оқиғаның мән-жайын журналистерге айтады. Ашықтық деген нәрсе бар. Ал бізде кеңес үкіметінің кезінен қалып қойған моральдік тұрғыда бір ескірген норма жұмыс істеп келеді», - деді ол.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды