951

Алло, коллектормын: борышкердің құқығы қандай?

Банктен несие алып, оны төлеу кезінде қиындыққа тап болған клиенттерге корректорлар дамылсыз қоңырау соға беретіні жасырын емес.

Алло, коллектормын: борышкердің құқығы қандай?
коллаж smartnews.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова борышкермен жұмыс ережесін бұзған коллекторға қандай жаза бар екенін айтты.

«Коллекторлар адамға күніне 3 рет қоңырау шала алады. Бірақ аудиосын немесебейнесін жаза отырып хабарласуы керек. Егер сізге коллектордан демалыс күні қоңырау түссе, бізге хабарлауыңыз қажет. Call-орталыққа хабарласып, ақпаратын бересіз. Біз тексеру жүргіземіз», - деді Мәдина Әбілқасымова.

Сондай-ақ, ол ереже бұзған коллекторларға қандай шара қолданылатынын айтты.

«Қызметін тоқтауға дейінгі шаралар қолданылады. Әуелі айыппұл жазылады. Одан кейін қызметі толық тоқтатылады», - деді ол.

Материал авторы