1097

Қостанай облысында өрт кезінде 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді

Балаларды қараусыз қалдырған анасының үстінен қылмыстық іс қозғалған еді.

Қостанай облысында өрт кезінде 5 баласынан айырылған отбасыға пәтер берілді
Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысы әкімдігі Жітіқарадағы жеке үйдегі өртте бес кішкентай баласынан айырылған отбасыға қажетті психологиялық, құқықтық және материалдық көмек көрсетілгенін мәлімдеді.

"Жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілді, білім беру бөлімінің қоры есебінен 100 АЕК көлемінде төлем беру жоспарлануда. Қаладағы екі ірі кәсіпорынның бастамасымен отбасыға екі бөлмелі пәтер сатып алынды", – делінген әкімдік хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында үйден өрт шығып, бес бала тірідей жанып кеткен еді. Кейіннен өрт кезінде балалардың анасының достарына қонаққа кеткені, ал әкелерінің түрмеде екені анықталды. 5 баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор