«Меруерттің ол кезде ақшасы да жоқ»: Төлеген Мұхамеджанов әнші Меруерт Түсіпбаеваның эстрадаға қалай келгенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
17.10.2024, 19:59
1440
«Меруерттің ол кезде ақшасы да жоқ»: Төлеген Мұхамеджанов әнші Меруерт Түсіпбаеваның эстрадаға қалай келгенін айтты жеке мұрағатынан

Меруертті таңдадым дейді композитор

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Меруерт Түсіпбаеваны танытқан "Қимай сені барамын" атты әннің авторы Төлеген Мұхамеджанов эстрада жұлдызының әншілік мансабы қалай басталғанын алғаш рет KAZ.NUR.KZ берген сұқбатында айтты. 

"Сол жылдары мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда жұмыс істеп жүрген кезім. Бұл әннің ең әуелі тек әуені ғана шыққан еді. Өзіме ұнайтын, бірақ ән ретінде жарыққа шығарамын деген ой болған жоқ. Күндердің күнінде ақын Шөмішбай Сариев досым екеуміз кездесіп, әңгімелескеннен кейін әлгі әуенді ойнап едім, "мына мелодияң жақсы екен" деді. Кейін Шөмішбай өзінің осы әуенге жазған өлеңін маған ұсынды. Шынын айтқанда, бұл өлеңнің бірінші нұсқасын оқығанда мен сәл күмәндандым. "Шөке, мәтіні кішкене мұңлы, қарапайым болса, өйткені әуені сондай бағытта жазылған әрі құлақтан кіріп бойды алар еді" дедім. Солай өтінішімді айттым. Ол кісі сондай сергек болатын, қолынан келгенше өзгертуге тырысты. Сөйтіп соңында "Қимай сені барамын" әнінің төртінші нұсқасы ғана көңіліме қонды. Менің ойымша, егер әні мен сөзі үйлесім тапса, онда әннің де болашағы жарқын болады деген сөз. Осылайша мендегі әуеннің ән болып шығуына Шөмішбай Сариевтің идеясы себеп болды", - дейді Төлеген Мұхамеджанов. 

Композитордың айтуынша, "Қимай сені барамын" әнінің кейіпкері ақынның қиялындағы ару болса керек...

"Әрбір адамның ішкі сезімі, іштей ешкімге айтпайтын сыры, ойы, арманы болады ғой. "Қош бол, бақыт құс, қимай сені барамын..." деген сөзіне қарасақ, бәлкім қоштасу сезімі болған шығар. Өйткені сондай сөздерді дүниеге әкелу үшін жазған ақын да сондай сәтті бастан өткізу керек қой. Сондықтан әннің сиқыры да сөзінде шығар... Қандай адам өзінің арманымен қоштаспақ? "Қош бол, бақыт құс, қимай сені барамын... Мәтіні қандай керемет", – дейді сазгер. 

Төлеген Мұхамеджанов пен ақын Шөмішбай Сариевтің шығармашылық бірлестігінен туындаған "Қимай сені барамын" осылай дайын болды. Енді бұл туындыны орындайтын әнші керек еді. Сол сәтте сазгер Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Досхан Жолжақсыновқа әлі таныла қоймаған екі актриса тауып беруін өтінеді. 

"Жасыратыны жоқ, мен "Қимай сені барамын" әнін актерлік қабілеті бар, театрда жұмыс істеп жүрген жас өнерпазға бергім келді. Осындай ұсынысты Досхан Жолжақсыновқа айтқан едім, ол маған екі актрисаны жіберді. Мен оларға күнделікті осы әнді үйрете бастадым. Маған күнделікті сабаққа келгендей дайындадым. Сөйтіп екі жас актрисаның бірін таңдау керек болды. Оның біреуі – Меруерт Түсіпбаева, екінші актрисаның аты-жөнін ұмытып қалдым. Сол екі қыздың арасында Меруерттің айтқан әні менің жүрегіме қонғандай болды, Меруертті таңдадым. Әнді өңдеп біткен кезім сол еді, Меруерт бірден бір камерамен клип түсіріп, ән көптің көңілінен шықты, хит болды. Меруерттің өнерге деген құштарлығына риза болдым әрі таңғалдым. Ол кезде ақшасы да жоқ. Сол жылдары отандық эстрадада әнге клип түсіргендердің бірі осы Меруерт Түсіпбаева еді. Сол ән арқылы Меруерт әнші болды, әйтпесе театрда жұмыс істеп жүрген актриса ғой", – дейді "Қимай сені барамын" әнінің авторы. 

Дәл осы сәтті шығармашылық байланыстан соң композитор Төлеген Мұхамеджанов пен жас әнші Меруерт Түсіпбаева бірлесе бір-екі ән жазған. Кейін сазгер жұмыс бабымен Алматыдан Астанаға қоныс аударған. Қазіргі таңда "Қимай сені барамын" хитін Мейрамбек Бесбаев орындап жүр.

"Мейрамбек Беспаев бұған дейін менің "Өкпелеттім" деп аталатын әнімді орындаған. Бір күні "Аға, мен "Қимай сені барамын" әнін орындасам, қалай қарайсыз?" деді. Мен таңғалдым да, рұқсатымды бердім. Содан кейін Мейрамбек Беспаевтың орындаған нұсқасы интернетке шықты, бірден халық керемет қабылдады. Шынын айтқанда, әнге жаңаша бағыт бергендей болды. Меруерттен гөрі Мейрамбектің орындағаны әнді тереңірек қазғандай болды. Әннің ішінде жатқан бүкіл сиқыры мен сырын алып шығып, халыққа жеткізгендей болды. Мейрамбекті "ұлы әнші" десем артық айтқаным емес", – деп сөзін түйіндеді композитор Төлеген Мұхамеджанов.

«Бар болғаны 85 шаршы метр»: Мәдина Сәдуақасова Алматының ең қымбат ауданынан қымбат пәтер сатып алғанын айтты Дариға Назарбаева Дубай әуежайында жүр «Жағдайын көре тұра, көмектеспеген»: 25 жастағы жүкті әйелдің өліміне кінәлі аурухана дәрігерлері жазасын алды Елімізде әрбір бесінші әйел қатерлі ісіктен қайтыс болады Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды басып өлтірді (ВИДЕО) «Біреуі домбыраны харам дейді, біреуі туды қорлайды» – депутат Ермұрат Бәпи Абай облысындағы мектеп директоры мұғалімдеріне сарай мен монша салдырған Forbes әлемдік рейтиңінде қанша Қазақстан миллиардері жүргені анықталды Таиландта жұмыс істейтін Қазақстан азаматы жантүршігерлік жол апатынан қаза болды «Тіктіріп үлгермей жатырмын»: Гүлзира Айдарбекова ұлының сахнада костюмін сыйлап жібере беретінін айтты «Түнімен тігіп едім»: Түркиядағы митингке байланысты Динара Сәтжанның той көйлегі жете алмай қалды Астанада әкімдік жанындағы саябақтан Назарбаевтың суреттері алып тасталды «Күйеуге шыққанда қоямын»: Назым Қызайбай тұрмыс құрғасын боксты қоятынын айтты Екі жақты татуластыруға тыраштанып жүрген Трамп Ресей мен Украина президенттерінен көңілі қалғанын айтты Елімізде алдағы күндері ауа райы +35 градусқа дейін ыстық болмақ Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті