Харари, Леонгард, Франкопан: CONNECTED-ке кімдер қатысады?

18.10.2024, 10:25
577
Харари, Леонгард, Франкопан: CONNECTED-ке кімдер қатысады? коллаж smartnews.kz

Астанада CONNECTED-2024 халықаралық конференциясы жұмысын бастайды.

CONNECTED-2024 конференциясында сарапшылар жаһандық нарративтер мен болашақтың бейнесін пайымдау тақырыптарын талқыға салады. Екі күн бойы 20 елден келген 1500-нан астам қатысушы әлемнің болашағы туралы пікір алмасады.

Конференцияның хэдлайнері – тарихшы, футуролог Юваль Ной Харари. Оның адамзаттың болашағы жайында жазған «Sapiens: A Brief History of Humankind, Homo Deus: ертеңгі күннің қысқаша тарихы», «21 ғасырға арналған 21 сабақ», «Сапиенс: графикамен жазылған тарих» кітаптары бестселлерге айналған. Харари конференцияға тікелей эфир арқылы қосылып, сұрақтарға жауап береді деп жоспарланған.

Сондай-ақ конференция қатысушылары белгілі тарихшы, жазушы Питер Франкопанды көре алады. Еске салсақ, оның «Жібек жолы: Әлемнің жаңа тарихы» кітабында бестселлер болды.

Бұған қоса, спикерлер қатарында жасыл энергетика, баламалы энергия және климат мәселелері бойынша әлемдік сарапшы, бейбітшілік саласында Нобель сыйлығы иегері Рае Квон Чунг, инновациядағы ТОП 3 ықпалды ғалымдардың бірі (Wired), «Технология адамдарға қарсы» бестселлерінің авторы Герд Леонгард, Stanford University профессоры, жасанды зият бойынша курстардың авторы Юнес Бенсуда, танымал медиатор және рухани көшбасшы Шялпа Тензин Ринбоче, климаттың өзгеруіне қарсы күресушілерге арналған «Нобель сыйлығын» иеленген Пегги Лю, Coursera компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша басқарушы директоры Николя Фуко, футуролог, дизайнер, «Қара пантера. Ваканда мәңгі» фильмінің кеңесшісі Моника Бельските бар және т.б.бар.

18-19 қазанда қазақстандықтар CONNECTED-2024 халықаралық конференциясында белгілі футурологтар, көшбасшылар, әлемнің озық университеттерінің профессорлары, білім сарапшылары, ірі компаниялардың негізін қалаушылары қатысатын сессияларды тамашалай алады.

Конференцияға 20-дан астам елден 2000-ға жуық өкіл қатысады деп
күтілуде.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады