1036

Жедел жәрдеммен ойнама сен: Ақтау тұрғыны 80 мың теңге айыппұл арқалады

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын арнайы қызметке «көп көлемде дәрі-дәрмек» қабылдағанын айтып қоңырау шалған.

Жедел жәрдеммен ойнама сен: Ақтау тұрғыны 80 мың теңге айыппұл арқалады
kursiv.media

Алайда жедел жәрдем бригадасы шақыртуға барғанда, ер адам мұның әзіл екенін айтқан.

Сөйтіп, шақыру жалған болып тіркелді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 438-бабына сәйкес, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, полиция, жедел медициналық көмек, авариялық қызметтер органдарын көрінеу жалған шақыртқаны үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК (2024 жылы 110 760 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде әрекетті қайталаған жеке тұлғаларға айыппұл 60 АЕК-ке дейін ұлғайтылады (2024 жылы 221 520 теңге).

Нәтижесінде арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін ер адамға 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Материал авторы